Семинарлар

2017 жылдың  26 сәуір күні  «Заң  ғылымдары» секциясы  бойынша «Жас зерттеушілер-2017» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

      «Заң ғылымдары» секциясын ашуды секция төрайымы М.М. Сарсенова сөз алып, конференцияға қатысушыларды және ашылу салтанатымен құттықтап, сондай-ақ жоспарын, регламентін бекітті.

      Ашылу салтанатына  сәйкес кафедра  меңгерушісі  з.ғ.к. У.К Сартбаеваға сөз берілді.

     2017 жылы 21 сәуір күні «Экономика және Заң» факультетіне қарасты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы мен судьяларының «Азаматтық  процестік кодексінің  мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғау»  атты тақырыпта семинар өткізілді

       2017 жылдың Сәуір айының 21 күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын білдірген республиканың барлық ЖОО мемлекеттік және орыс тілінде «Академиялық адалдық» бойынша бейнеролик дайындалып, көпшілікке презентацияланды.

       Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратынымызды білдіру мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері өз белсенділігін танытып, қатысты.

14 сәуір 2017 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтілген студенттер мен жас ғалымдардың  «Ғылым және білім-2017» атты ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясына Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің 1-2 курс студенттері қатысты. Молдаш Б. ТХ-215 тобының студенті 3 дәрежелі дипломмен, ал Ермекбай Х. ЕТ-226 тобы, Жұпарбай Г. ЭК-115 тобының студенті, Алдаш Ә. ЕТ-215 тобының студенті  алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды. Студенттер Астанадан жеңіспен оралды.