Жаратылыстану-Техникалық факультеті

 

Факультет деканы

Жусипова Гүлмира Тұрдықызы

Биология ғылымдарының кандидаты

Бас ғимарат, 3 этаж, 305 кабинет,

Жаратылыстану-техникалық факультеті

Телефон: 8(7252) 37-12-87 (125)

e-mail: gulmir22@mail.ru

 

Факультет ережесі

Жаратылыстану-техникалық факультеті Республикамыздың Оңтүстік өңірінде озық технологияларды кеңінен пайдаланған факультеттер қатарынан орын алады. Ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіп, педагог кадрлар дайындайтын университетіміздегі бірден бір алдыңғы қатардағы факультет болып табылады.

Бүгінгі таңда факультет құрамындағы 3 кафедрада 7 мамандық бойынша мамандар даярланады. Факультетте Отандық ғылымға көрнекі үлес қосқан педагогикалық шеберлігі шыңдалған ұстаздар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта факультеттегі ҚР ҰҒА-ның 1 академигі, 9 ғылым докторлар мен профессорлар,  40 ғылым кандидаты, доцент оқытушылар мен ғылым магистрлері биік талап үрдісіне шығу жолында қызмет атқарып жүр. Факультет республикадағы және өңірдегі ғылыми–зерттеу оралықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Біздің факультет келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындап шығарады:

5В011200–Химия мамандығын бітіруші түлектердің жұмыс орындары: барлық білім мекемелері, iшкi iстер орындары, кеден және салық полициясы, мұнай-химия, тамақ, тоқыма, химия, санитарлы-эпидемиологиялық және фармакология өндірісіндегі лабораториялар, жеңіл және тамақ, былғары, ағаш өндеу, шыны, форфор, хрусталь өнеркәсіптері, құрылыс материалдары және керамика өндірістері.

5В011300–Биология мамандығын бітіруші түлектердің жұмыс орындары: Барлық білім мекемелері, дендросаябақтары, зообақтары, қорықтар, санитарлы-эпидемиологиялық станциялары, ғылыми - зерттеу институттары, министрліктер мен департаменттер.

5В060800–Экология мамандығын бітіруші түлектердің жұмыс орындары: Барлық деңгейдегі экологиялық мекемелер, қорықтар, жер комитеттері, су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау мекемелерi, ауа-райын болжау станциялары, су қорғау инспекциялары, ғылыми зерттеу институттары, халық шаруашылығының барлық өнеркәсіптік кәсіпорындары, экономикалық салалар, білім мекемелері, министрліктер мен департаменттер.

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып келесі объектілер саналады: есептеу машиналары,  кешендері,  жүйелері мен желілері; ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері; автоматтандырылған жобалау жүйелері; есептеу техникасы құралдарының және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарламалар, кешендер мен жүйелер).

5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығын бітіруші түлектердің кәсіби қызметінің объектісі: басқару органдары,  кәсіпорындар мен ұйымдар, өнімге, қызметке,  жұмысқа, кәсіпорындар мен сынау зертханалары-ның жабдықтарына, өлшеу, сынау, бақылау әдістеріне, құралдарына, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау, метрология, сапа менеджменті жүйесіне, өндірістік, әлеуметтік, экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге,  өлшеу техникасын жобалауға,  дайындауға,  пайдалануға  тікелей қатысты басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар бола алады

5В060200–Информатика мамандығын бітіруші түлектердің қызметтік обьектілері: жобалау және ғылыми – зерттеу институттар, басқару органдары, ақпараттық технологиялар департаменті, қаржылық ұйымдар,  бизнес – структуралар, білім беру мекемелері, оқу орындары, өнеркәсіптік өндіріс орындары бола алады.                  5В010900–Математика мамандығын бітіруші түлектердің қызметтік обьектілері: орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми зерттеу орталықтары, мемлекеттік басқару органдары, өз жұмысында математикалық әдістерді қолданатын әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар бола алады.

Факультет студенттері 1-курстан бастап ғылыми, мәдени және спорт бағыттарындағы барлық іс-шаралармен белсене айналысады. Көптеген халықаралық деңгейдегі  іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған студенттер бар.

Атап өтетін болсақ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Дәрібек Бекарыс және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенті Мейірбек Назгуль Астана қаласындағы                 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  өтілген студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім-2015» атты X  Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, Дәрібек Бекарыс жүлделі орынға ие болды.

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенті Базарбай Арайлым Шымкент қаласындағы ОҚМПИ өтілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ұлы дала әндері» атты жас орындаушылар байқауына қатысып, «Байқау дипломаты» дипломымен марапатталды.

Осындай білімді, белсенді студенттерді және оқу озаттарын, университеттің  қоғамдық жұмыстарына, студенттердің ғылыми конференцияларына белсене қатысатын студенттерді факультет   президент  стипендиясына үнемі ұсынамыз.

Осы оқу жылы Қазақстан Республикасы президенті белгілеген стипендия Жаратылыстану-техникалық факультетінің күндізгі оқу түрі бойынша 3 студентке тағайындалды.

Факультеттің белсенді студенттері студенттердің өзін-өзі басқару жұмысын талқылау үстінде

Өсімдіктер физиологиясы сабағында студенттер зертханалық жұмыспен айналысуда

Студенттер «Қазақстан экологиясы» пәнінен сабақ үстінде

б.ғ.к., доцент Н.М. Есқараев студенттермен

Білімді тәжірибемен бекіту