Өнер және спорт факультеті

Факультет  құрылымы

Факультеттің мекен-жайы:   Быковский  көшесі 54

Деканат телефоны:  8(7252) .......................

  

Факультет деканы, заң ғылымдарының кандидаты  Жаналиева Айгуль  Жаналиевна

 

 1998 жылы ХҚ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану» мамандығын үздік дипломмен бітірген.

2007жылы з.ғ.д., профессор С.Н. Сәбікеновтің жетекшілігімен «.Салықтық құқықтық қатынастар: теория және тәжірибелік мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

2017 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің «Спорт және өнер» факультетінің деканы қызметін атқарады.

35 астам ғылыми мақалалардың авторы.

Факультет ережесі

Факультет құрамында екі кафедра жұмыс жасайды: 1. Дене шынықтыру және спорт кафедрасы 2. Өнер кафедрасы

Спорт және өнер факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғарғы шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне және университетіне берілгендегімен ерекшеленеді. Студенттердің спорттық жетістіктерін жоғарылату үшін факультетте спорттық үйірмелері жұмыс істейді. Атап айтқанда: волейбол,баскетбол, футбол, кіші футбол секциялары жәнеде дизайн шеберханасы, ән үйірмесі жұмыс істейді. Факультетте 1 спорт залы, 1 спорт алаңы, күрес және кіші футбол алаңдарымен қамтамасыз етілген. Студенттердің педагогикалық шеберліктерін арттыру үшін педагогикалық және теориялық іс-тәжірибелер ұйымдастырылуда.

Миссия: Оңтүстік аймақтың әлеуметтік жағдайын,инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында білім, ғылым және тәжірибе арасындағы өзара байланысты дамыта отырып, қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау үшін БІЛІМ беру қызметін ұсыну.

Факультетте студент- жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгіне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән беріп келеді. Жыл сайын студенттерiміздiң қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар,университет байқаулары ұйымдастырылады. Студенттер университетті басқару, білім ордамыздың түрлі мәселелерін шешуде белсенді атсалысып келеді. Университетте ХГТУ жастар саясатының даму мәселелері,студенттердің әлеуметтік қорғалуы,  "Жас Отан" және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын Жастар ісі және тәрбие  бөлімі құрылған.