«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дебат турнирі

Университетіміздің студенттерінің алғырлығын, зеректігін, білімділігін шыңдау мақсатында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар комитеті» мен «ХГТУ best» дебат клубының ұйымдастыруымен университетімізде дебаттан «Ректор кубогі» сарапқа салынған турнир болып өтті. Аталған турнирге алты команда қатысып, жүлдені сарапқа салды. Турнир АПФ және ЛД форматта өтті. Турнир соңында «Әл-Фараби жастары» командасы үздік шығып кубок және алғыс хатпен  марапатталды. ЛД форматта өткен сында «Жаратылыстану-техникалық» факультетінің 1-курс студенті Тұрдалы Ләйла қарсыластарынан үздік шығып аталған турнирдің «Үздік спикері» номинациясын жеңіп алды. Жалпы турнир жоғары деңгейде өтті.