Тіл орталығы

Тіл орталығының (ОПҚ және студенттерді шетел тілін меңгерудегі қолдау орталығы)

қызметі туралы ақпарат

Жалпы ақпарат

Тіл орталығы үштілділік саясатын іске асыру мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректорының бастамасымен, 18.11.2015 жылы ғылыми кеңесінің шешімі негізінде  шетел тілін меңгеру және жетілдіру(жақсарту) жолындағы ОПҚ-ң және студенттерді қолдау орталығы құрылды. Аталмыш орталық еріктілер бастамасының негізінде (университетіміздің оқытушы-профессорлардың көмегімен) құрылып даму қарқынына байланысты ХГТУ құрылымына енгізіледі.

Тіл орталығының басты мақсаты университет миссиясына сәйкес келеді және ПОҚ мен университет студенттеріне жалпы кәсіби деңгейді көтерудегі тілдік қолдау ретінде ағылшын және орыс тілдерін енгізу болып табылады.

Тіл орталығы өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

- ағылшын және орыс тілдерін оқыту курстары;

- ағылшын және орыс тілдерінде дәріс беруші профессор-оқытушыларға кеңес беру;

- аударма ісі (ағылшын және орыс тілдері);

Курсқа қабылдау туралы ақпарат

Студенттер және профессор-оқытушылар қабылдау тестін тапсырады (ағылшын және орыс тілдерінде) және сол тесттің нәтижесі арқылы деңгейі анықталып қабылданады. Оқу курстары аптасына 2 рет 1 академиялық сағат есебінде жүргізіледі. Курстың толық оқу мерзімі 1 оқу жылы. Курсты табысты аяқтаған кезде тыңдаушы профессор-оқытушыларға Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің сертификаты беріледі. Профессор-оқытушылардың аталмыш сертификатының болуы пәндерді ағылшын және орыс тілдерінде оқытудағы тілдік қолдау болып табылады. Барлық дәрістер тегін жүргізіледі.

Тіл орталығының қызметкерлері

Жетекші - ф.ғ.к., доцент Таукебаева Р.Б.

Тіл орталығының оқытушылары: орыс тілі пәні бойынша - Закирова Г.Ф. ағылшын тілі пәні бойынша - Орынбек А. Таукебаева Э.С.

Барлық оқытушылар профессор-оқытушыларды және студенттерді шетел тілдерін оқытудың бағдарламаларын, сөздіктерді әзірлеуде тәжірибелері мол. Сондай-ақ, тіл орталығының оқытушылары шетел тілдерін оқытуда және ғылыми әдебиеттерді аударуда кеңес бере алады.

Қосымша ақпарат үшін алу үшін төмендегі ақпарат арқылы байланыса аласыздар:

Мекен-жай: Шымкент қ., Байтұрсынов к-сі, 80А, 117каб.

Моб.тел.: 8-701-481-22-06

E-mail: dekan52@mail.ru