Бегман ЫСҚАҚТЫҢ «Қызым саған айтам,...» атты кітабы 2018 жылы жарық көрді.

 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің профессоры Бегман ЫСҚАҚТЫҢ «Қызым саған айтам,...» атты кітабы 2018 жылы жарық көрді. Бұл кітапта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтауға жастарды тәрбиелеу, бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлету мақсатында ұлтты ұрпақпен ұластыратын, «бір қолымен үкілі бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін» болашақ ана-қыз баланың отбасынан алар тәлімі, дос, жар таңдауы жайында сөз етіледі. Кітап қыз-келіншектер мен жат жұрттыққа жаралған бұрымды зурияттарына  бақ-береке тілейтін  барша ата-аналарға арналады. Материалдарды университеттің кітапханасынан алып оқуға болады.