Қазақстан-рухани жаңғыру жолында: дамуы мен келешегі

Университетте 2017 жылдың 21-22 желтоқсан күндері «Қазақстан-рухани жаңғыру жолында: дамуы мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға шетелдердің, Республикалық және аймақтық жоғары оқу орындарының профессор оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен ізденуші магистранттар қатысты. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру аясында көптеген баяндамалар жасалды.