Құрметті Ысқақ Бегман Саттарұлы!

Құрметті  Ысқақ Бегман Саттарұлы!

Халықаралық гуманитарлық- техникалық университетінің атынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты және «Тіл жанашыры» құрметті белгісімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. 

Сізді, көпшілік жұрт ғұлама ғалым, жазушы, адамгершілігі жоғары, ғұмырын мемлекетіміздің болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында ұжым және әріптестеріңіз іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. 
Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Ізгі ниетпен, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің президенті Ғ.М.Жұрынов