Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде 2017 жылдың 21-22 желтоқсан күндері «Қазақстан-рухани жаңғыру жолында: дамуы мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жұмыс жүргізеді:

  1. Жаратылыстану ғылымдарының  өзекті мәселелері 
  1. Инновациялық білім беру - педагогикалық шеберлікті  дамытудың  негізі
  2. Техникалық ғылымдар мен технологиялар: дамуы мен келешегі
  3. Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен білім беру саласының кәсіби қызметіндегі әлеуметтік-экономикалық және ғылыми даму аспектілері: болашағы мен мәселелері
  4. Тәуелсіздік тұсындағы тіл және руханият мәселелері
  5. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: тарихы, жетістіктері, жаңа ұмтылыстары
  6. Құқық саласындағы әлеуметтік өзекті мәселелері
  7. Қазақстан бейнелеу өнері мен дизайнының тәуелсіздік жылдарындағы дамуы және жетістіктері
  8. Мәдениет, өнер және спорт саласындағы жетістіктері

 

Конференция: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш және баяндама мәтіні баспа түрінде және электрондық нұсқасы (1 дана) және ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге көлемінде төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен erkesapash@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайға: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 80 үй, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, 203 кабинет. 2017 жылдың 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Конференцияға жауапты: Еркебаева Сапаркүл Өміртайқызы. тел: 8-771-325-44-85.  

Конференцияға қатысқан шетел азаматтарының мақалары тегін жарияланады. Баяндама мәтіні мен автордың өтініші бір файлда беріледі және файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет. Баяндамада авторлар саны үш адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түп нұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен жинақталады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні  (суреттер мен сызбаларды қосылған А4 форматында 5 бетке дейін) Microsoft Word редакторы мәтінінде терілген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін  Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 12, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы- 3 мм, қалған жақтары – 2,0 мм, азат жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда ӘОЖ, бір жол төмен – бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – автордың аты-жөні, бір жол төмен – мекеме, қала және ел атауы беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі. Бір жолдан  кейін баяндаманың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.

 

Қонақ үйді брондау 2017 жылдың  желтоқсанға  дейін қабылданады.

 

Құрметті әріптестер! Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберулеріңізді сұранамыз.

 

Баяндаманы дайындау үлгісі:

 

 

ӘОЖ (10)

 

Нейропсихологиялық бағдарламалаудың құндылығы (11пт)

 

Абдуллаева Г.С., Каскаева З.Т. (11пт)

 

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан (10пт)

 

 Резюме (10пт.)

 

Summary (10пт.)

 

Баяндаманың негізгі мәтіні (12пт.)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------

   ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11пт.)

 

1

2  

 

  Өтініш үлгісі:

Өтініш

1.

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3.

Мекемесі, лауазымы

 

4.

Мекен – жайы (индекс көрсетілуі міндетті)

 

5.

Телефон, факс ( халықаралық байланыс кодымен ) 

 

6.

Баяндаманың тақырыбы

 

7.

Секцияның атауы

 

  8.

Керекті техникалық құралдар

 

9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә,жоқ)

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7(7252) 37-12-87  E-mail: erkesapash@mail.ru, 8-771-325-44-85

Факс: +7(7252) 37-12-86

Қаржы реквизиттері: 

РНН: 582200014805

ИИК: KZ389260801114254000

АО: Казкоммерцбанк

«Халықаралық гуманитарлық техникалық университет» ЖШС

БИК:  KZKOKZKX

БИН:  980440003151

КБе:    17