Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер

Ереже

Жоспар

Заң

 

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты соңғы 2018 жылдың  10 қаңтарында жарияланған  жолдауында сыбайлас жемқорлыққа арнайы тоқалып өтті.

Президент жолдауын насихаттау барысында студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте  «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі»  тақырыбында бірыңғай сағаты өткізілді. Бірыңғай сағатта университет президентінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бердалиева Ақмарал ханым Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында көпшілікке баяндап өтті. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Егембердиев Мадияр «Сыбайлассыз қоғам» атты тақырыпта баянадама оқып берді. Жиналған қауым өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауап ала алды.

Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. 

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!

​​​​​​​