Үйірмелер

Студенттердің ғылыми үйірме жұмыстары туралы мағлұматтар

Үйірме атауы

Жетекшілері

Мамандығы

Кафедра

1

Эстрадалық ән

Жақсыбеков С.

5В010600-Музыкалық білім

Өнер

2

Фортепиана

Абирова А.

5В010600-Музыкалық білім

Өнер

3

Дефиле

Оспанова А.

5В042100-Дизайн

Өнер

4

Дала сыры домбыра үйірмесі

Абдуллаева Г.

5В010600-Музыкалық білім

Өнер

5

Волейбол

Юлчибаев К.

5В010800-Дене шынықтыру және спорт

Спорт және дене шынықтыру

6

Баскетбол

Хаджиназаров С.

5В010800-Дене шынықтыру және спорт

Спорт және дене шынықтыру

7

Жас ақын

Баймыш Л.

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ және шет тілі

8

English club

Болатова А.

5В011900-Шет тілі.Екі шет тілі

Қазақ және шет тілі

9

Жас тарихшы

Нысанбекова А.

5В011400-Тарих

Тарих және география

10

Жас географ

Карабаева Г.

5В011600-География

Тарих және география

11

Жас талап

Асқарқызы Д.

5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және психология

12

Жас педагог-психолог

Нурмахамбетова А.

5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы және психологиясы

Педагогика және психология

13

Жас қаржыгер

Каукешова Р.

5В050900-Қаржы

Қаржы және есеп

14

Жас есепші

Абилгазиев Ш.

5В050800-Есеп және аудит

Қаржы және есеп

15

Экономист

Карсакова Г.

5В050600-Экономика

Экономика

16

Фемида

Сарсенова М.

5В030100-Құқықтану

Құқықтану

17

Жас сарапшы

Сатыбалды Қ

5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология

Есептегіш техника және стандарттау, сертификаттау

18

Жас биолог

Парманова Ж.

5В011300-Биология

Химия, биология және экология

19

Жас химик

Умирзакова А.

5В011200-Химия

Химия, биология және экология

20

Жас эколог

Шиналиев А.

5В060800-Экология

Химия, биология және экология

 

Студенттердің үйірме жұмыстары

2016-2017 оқу жылында  студенттер арасынан білім, білік, дағдыға негізделген әрекет, шебер жұмыс, еңбек функциясын ұйымдастыру, шығармашылықтарын шыңдау арқылы көркем өнер негіздерін қалыптастыру мақсатында  «Дала сыры» домбыра үйірмесі жасақталды, жетекшісі аға оқытушы Абдуллаева Гүлмира Сайлаубекқызы.

 IMG-20161101-WA0002 IMG-20161101-WA0003

Өнер кафедрасында «Эстрадалық ән» үйірмесі жұмыс жасайды.  Жетекшісі  ХГТУ профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Жақсыбеков С.

Дизайн, Кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттерін шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамытуға байланысты «Дефиле» үйірмесі құрылды. Жетекшісі Оспанова А.Д. Тігін шеберханасынында студенттер өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін университет тарапынан өткізілген іс-шараларда дефилеге шығып көрсетеді.

_MG_1395 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттер арасынан «Баскетбол» және «Волейбол» үйірмелері жасақталды. 2016-2017оқу жылына бекітілген жоспарға сай  студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға лайықты күн тәртібін тиімді пайдалана біледі. Волейбол үйірмесінің жетекшісі  Юлчибаев К.

 «Экономика» кафедрасында «Экономист» студенттер үйірмесінің құрамы жаңадан бекітілді. Үйірме құрамында 1-4 курс студенттері қатысады,  жетекшісі Карсакова Г.П. Үйірме  жұмысының жоспары бойынша іс-шаралар өткізіледі. Студент жастардың рухани байлығын арттыру мақсатында 18-ші қазанда ЭКСПО-2017 «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» атты тақырыбында кафедрадағы «Экономист» үйірме мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Үйірме мүшелерінің қатысуымен  25-ші қазан күні    «ОҚО аймағында кәсіпкерліктің дамуы және жүзеге асыру жолдары» атты тақырыбында  пікір талас өткізіліп, қызу талқыланды.

 

 

 

 «Фемида» үйірмесінің ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар орындалуда. «Фемида» үйірмесінің жетекшісі М.М Сарсенова үйірме төрайымы мен мүшелерінің алдында қандай мақсат тұрғанын, сол мақсатқа жету үшін белсенді түрде үйірмеге қатысып ат салысу керек екендігін түсіндірді. Үйірме мүшелері болып: Збанова Сандуғаш, Мусаев Байжан, Халық Әділхан, Бексалықов Шымболат, Майлыбаев Султанмурат, Ерман Сенімжан, Сейсебай Маржан, Пернебек, Асель, Әбдуәлі Әбдімәлік, Үсіпәлі Абылайхан, Даулетова Әсел, Бекайдарова, Гулжомал, Жасұзақ Нургул, Молдаш Арайлым, Бекасылова Балнұр жоспарға сай бекітілді. Үйірме мүшелері үйірмеге барынша ат салысатыны туралы өз ойларымен пікірлерін айтып өтті.

 

 

«Жас сарапшы» үйірмесінің студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарын жасайды. Үйірме арқылы көптеген ізденістік жұмыстар жасайды, оқулықтар  мен мақаларды талқылай отырып, жаңа ғылыми ізденістерге жетеді. Студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы ғылыми конференция, жоба және семинарларға қатысуға білімін нығайтып, шыңдайды. Үйірме жетекшісі Сатыбалды Қ.

 

«Жас ақын» үйірменің негізгі мақсаты-   студенттерді ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке кеңінен тарту, студенттердің бос уақытын тиімді өткізу,  студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау және жүзеге асыру болып табылады. Клуб базасының негізінде оқу және ғылыми үдерістердің бірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу және студенттерді ғылым мен ізденістік жұмыстармен айналысуға  бейімдеу болып табылады. Үйірме жетекшісі Даулеталиева Д.

 

«English club»  үйірмесінің құрамында 1-4 курс студенттері қатысады, олар жоспарға сәйкес ағылшын тілдерінде семинарға, конференцияға қатысуға студенттерді бейімдейді. Студенттердің сөйлеу, тыңдалым және есту қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар, онлайн конференцияларына қатысады.

 

«Педагогика және психология» мамандығы болйынша «Жас педагог -  психолог» үйірмесінің қызметі 2011 оқу жылынан бастап жұмыс жасайды.   Үйірме жетекшісі болып «педагогика және психолдогия» кафедрасының магистр оқытушысы Нурмахамбетова А.А. Сонымен қатар үйірме мүшелері бір -  бірімен жақыннан танысып, өзінің қоғамдық  міндеттерімен танысты. Үйірме мүшелері ПП-214, 224 және ПП-213 топ студенттерінен тұрады. Үйірме педагогика -  психология мамандығындағы, студенттердің  дағды мен шеберлігін арттыруды өздерінің мақсаты дей отырып, осы бағытта жұмыс жасайды. Үйірме мүшелері студенттерге педагогикалық кеңес пен көмек көрсетеді. Ғылыми жұмыстармен айналысады және конференцияларға қатысады.

 

 

«Жас талап» үйірмесі «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»  мамандықтарының студенттерінен құралған. Үйірме жетекшісі: магистр оқытушы Асқарқызы Д. Үйірме құрамындағы студенттер өзіндік ізденістік жұмыстарға бейімделген, отандық және шетелдердің оқулықтары, әр түрлі ғылыми басылымдармен ізденістік жұмыстар жүргіізе алатын жас ғалымдар. Үйірме жұмыстарындағы нәтижелерін студентер конференциялар, семинар және дөңгелек үстелдерге қатысып, алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталуда.

 

 

    

 

 

Тарих және география кафедрасында 5В011400- «Тарих»  мамандықтары бойынша «Жас тарихшы»  атты  үйірме  Нысанбекова  А., Сабирова А.   басшылығымен жүргізіледі. Үйірме мүшелерінің құрамы 8 студенттен тұрады. Үйірме мүшелері:  Айтенов Р., Әліпбекова Ж., Сарсенбай А., Айтжан Б., Нұрлыбай Ж., Жұмабек Ы. Құрманәлі М., Сұлтанбек М. үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірменің мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке кеңінен тарту, сондай-ақ, студенттердің бос уақытын тиімді өткізу болып табылады.

 

 

 

5В011600- «География» мамандықтары бойынша «Жас географ» үйірмесі Турданова М.С. Қарабаева Г.Ө. басшылығымен жүргізіледі. Үйірме мүшелерінің құрамы 6 студенттен тұрады: Эргашбаева М. Омарбекова А. Қарсыбай Ш. Сугурова Д., Құлбек А. Жетпіс Д.

«Жас биолог» үйірмесінде студенттер