«Азаматтық процестік кодексінің мақсаты азаматтардың құқықтарын» қорғау атты семинар.

     2017 жылы 21 сәуір күні «Экономика және Заң» факультетіне қарасты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы мен судьяларының «Азаматтық  процестік кодексінің  мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғау»  атты тақырыпта семинар өткізілді

Семинардың ашылу салтанатын ХГТУ Оқу ісі жөніндегі проректор, э.ғ.к. М.Е. Сабырова  ашып ОҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т.Бекімбетов, тақырыбы: «Апелляциялық және касациялық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» атты баяндамасын жасады.   Келесі баяндамашы судья К. Жаппасова, тақырыбы «Азаматтық процестік кодекстің жалпы ережелері» баяндамасын ұсынды, сондай-ақ судья Т. Смайлова тақырыбы: «Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің тәртібі» бойынша өз баяндамасын ұсынып, студенттер тарапынан берілген сұрақтарға  толық және жан-жақты жауап беріп өте тартымды өтті.

Семинар соңында ХГТУ басшылық тарапынан семинар жүргізуші судьяларға естелікке  «Алғыс хат» ұсынылады.