Биология және химия

Жалпы химия» оқу әдістемелік құралы 5В 11300 Биология мамандығының күндізгі,сыртқы және кешкі оқу түріндегі студенттеріне арналған. «Жалпы химия» пәніне лекция кешені мен зертханалық жұмыстар қамтылған.

 

5В011300-Биология мамандығының күндізгі студентгері үшін «Ихтиология» пәнінен  практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Әдістемелік нұсқау «Ихтиология» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кұрылып, курстың практикалық сабақтарының тақырыптарын орындауға арналған қажетті мағұлматтарды қамтиды.

Әдістемелік нұсқаулық 5В011 300-Биология мамандығының күндізгі оқу туріндегі студенттері үшін арналған.

 

 

Мамирова Н.А. Тулепова Ф.К. Сабырова А.Е. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстады ұйымдастыру.-оқу құралы.Шымкент.2017ж-172бет.

     Ұсынылып отырған «Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» оқу құралы, жоғарғы оқу орындарында биология мамандығында оқитын студеттерге арналған. Бұл оқу құралы биология пәнінің мұғалімін дайындауда және мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде қолданылады. Онда биологиядан сыныптан тыс  жұмыстардың түрлері мен оны жүргізу жолдары, оқушыны шығармашылыққа баулу жұмыстары,танымдық құштарлығын арттыру, белсенділігін арттыру,пәнге деген қызығушылығын арттыру міндеттері мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушының білімді  игеруін, ойлау мен іскерлігін арттыру, экологиялық және эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру қарастырылған.

 

Муминова К.Ш. Парманова Ж.Т. Асилбекова Б.Ж. Орнитология: Оқу құралы-Шымкент 2017-124бет.

  Оқу құралы жоғарғы және арнаулы білім беретін оқу құралдарының жаратылыстану мамандықтарында оқитын студеттерге арналған.

  Оқу құралында Қазақстан құстарының қазіргі заманғы жүйесі, құстардың анатомиялық және экологиялық ерекшеліктері, шығу тегі мен эволюциясы,елімізде кездесетін құстардың негізгі топтарыөкілдерінің сипаттамасы,биологиясы, таралуы туралы мәліметтер келтірілді.

   Кітапта,Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстар жөнінде де мағұлматтар берілген.

  Оқулық университеттер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистраттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология және зкология салаларының мамандарына арналған.

 

Халила Ә.Н. Айтбаева А.Е. Генетика.Оқулық-Шымкент,2016.120бет.

     Генетика-ғылымының ең бір қарқынды дамып келе жатқан  саласына жатады. Генетиканың жетістіктері адам үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын және организімнің өзгергіштігін зерттеуге мумкіндік береді.

    Тұқымқуалаушылық пен өзгегіштіктің заңдары барлық биологиялық пәндермен зерттеу бағыттарын қамтып өтеді.

   Бұл курста белгілердің тұқым қуаалау заңдылықтары мен тұқым қуалау принциптерін талдауға көп көңіл бөледі.даму генетикасының, адамгенетикасының, популяциялар генетикасының және эволюциясының генетикалық негіздноінің мәселелері қарастырылады.

    Бұл оқулықтан студеттер генетиканың қандай ғылым екенін және осы ғылымның зерттеу пәні болып саналатын тірі организимдердің негізгі қасиеттері тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің мәнін білетін болады.

   Сонымен қатар студенттер генетикада қолданылатын негізгі термииндер: белгілермен қасиеттер,гендер, генотип пен фенотип, генофонд және басқада көптеген генетиканы одан әрі оқуға көмектесетін терминдермен таныс бола алады. Оқу құралы студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға қажетті құрал саналады.