Физика және математика

Қарабаев А. (МГТУ,Казахстан,Шымкент), Шамшиметова Д.М.(Школа-лицей №107 им Ю.Сареми.Казахстан,МГТУ,Шымкент), Утеуова К.А.(г.Алматы КМШ№176 школа гимназия)

     Математика 5-6 класс тесты для средних школ и логика:

Пособие предназначено для учащихся 5-6 классов общеобразовательной школы,учителей математики, студентов педагогических вузов.Плсобие является дополнением к школьным учебникам по математике для 5-6 классов-Шымкент 2017-68стр.

 

Юнусов А.А, Исмаилов И. Қарабаев А.

     Математикалық есептерді стандарт емес тәсілдермен шешуге кейбір мысалдар.

(Мектеп мұғалімдеріне,оқушыларға және студеттерге арналған оқу-әдістемелік құрал)-Шымкент,2017.40бет.

    Бірнеше есепті бір тәсілмен шығаруға қарағанда, бір есепті бірнеше тәсілімен шығаруға көбінесе айтарлықтай пайдалы, себебі есепті шешу тәсілдерін бағалауда талдау,салыстыру,жалпылау және басқа ақыл операциялары белсенді жұмыс істейді.Ал, бұл оқушылырдың математикалық ойлауының дамуына өзінің оң әсерін тигізері сөзсіз.

 

Эдуард Л. Вулф. Күн энергиясы мен жаңартылатын энергия нанофизикасы.Оқулық- Эдуард Л. Вулф Алматы 2016-240б.

    Оқулық 2012 жылы Wiley-VCH баспасында Германияда жарық көрген.Бұл оқулықта кванттық физика немесе «нанофизика» негізінде қүн және жаңартылған энергия коверсиясының аспектілері қарастырылған.

      Оқулықтың екінші аспектісі,қауіп төндіретін өлшемдерді қабылдайтынәлемдегі энергиямәселесін шешу үшін «нанофизикаға» негізделген технологиялар үшін мүмкіндіктерді түсіндіру мен бағалауға қатысты болып келеді.

      Аталмыш оқулықта оқырман мектеп физикасын ,математикасын,химиясын және компьютерлік ғылымды түсінеді деп есептей отырып, соңғы жағында әрбір тараулар бойынша жаттығулар келтірілген.Оқулық заманауи технологияларға сай,түсінікті тілмен жазылған.

 

Заманауи басқару жүйелері.Оқулық/ Р.К.Дорф, Р.Х.Бишоп-Алматы,2016.

 Бұл оқулықтың мақсаты-кері байланысты басқару теориясының құрылымын көрсету мен мәтін бойынша алға басқан сайын қызықты жаналықтардың және мәселелерді талқылаудың дәйектілігін қамтамасыз ету. Басылымның жетістігі оның студнтке кері байланысты басқару жуйесі теориясын меңгеруге көмектесе алғандығымен байқалатын болады.

       Оқулық техникалық университет бакалавриантының студенттеріне басқару жүйелері жөніндегі кіріспе курсына арналған.Басқару жүесі тәжірибесінде аэрокосмостық, химиялық,электірлік,өндістік және  машина жасау техникалары арасында кішкене ғана айырмашылықтар болады,сондықтанда бұл оқулық барлық инженерлік пәндер үшін біркелкі пайдалы. Көптеген тапсырмалар үлгілер түрлі салаларды қамтиды,ал басқарудың әлеуметтік, биологиялық,экологиялық және экономикалық жүйелерінің үлгілері оқырманға басқару жүйелері теориясының көптеген өмірлік аспектілер үшін қолданылатынын көрсету мақсатында ұсынылады.

 

  Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама.II-том: Оқулық/Авт.Соммерввиль И.-Алматы,2016.336бет.

Бұл-Шотландиядағы St Andrews университетінің профессоры Иан Соммервильдің 2013 жылы қазақ тіліне аударылған «Software Engineering»  оқулығының 9-басылымының 2 томы. Оқулық заманауи технологияларға сай жазылған,жасақтама процестерін суреттейтін әртүрлі кестелерден тұрады.Кітаптың ерекшелігі-әр тақырыпқа сай, теориялық білімді іс жүзінде қолданатын шынайы өмірден алынған мысалдары. Автор бағдарламалық мәселені толығымен сүйреттейді де сол мәселенің іс жүзінде қолданылған шешу жолдарын көрсетеді. К»таптан қазіргі замандағы бағдарламалық жасақтама процестері, олардың қауіпсіздігі,бағдарламаны әзірлеудің икемді әдістері және әзірленген бағдарламаны сынау тәсілдері жөнінде толық мәлімет алуға болады. Кітап бағдарламалық жасақтамаға алғаш қадам жасаған колледж және университет студеттеріне арналған.Өндірістегі бағдарламашылар да жұмыс барысынан кқптеген пайдалы мәлімет таба аладв. Кітап оқырманы кемінде бір бағдарламалау тілімен және жалпы бағдарламалау терминологиясымен таныс болуы тиіс.