Біздің түлектер

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойыншв оқу бітірген  түлекке 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавры ретінде біздің түлектеріміз  жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында, педагогикалық колледждерде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарда, білім беру департементтерінде қызмет етуде.

      «Педагогика және психология»мамандығы бойынша оқу бітірген  түлекке білім бакалавры 5В010300- «Педагогика және  психология» білім бакалавры  академиялық  дәрежесі беріледі.   Педагогика және психология мамандығы  бакалавры ретінде біздің түлектеріміз мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтерінде, жалпы білім беретін  орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда,арнайы түзету  мекемелерінде, психологиялық орталықтарда ,колледждерде қызмет етуде.

 

Жолдас Жібек «педагогика және психология» мамандығының түлегі.  Қазіргі таңда Шымкент қаласы, Бозарық мөлтек ауданы №57 мектепте педагог-психолог.

 

Абдирахманова Фариза «педагогика және психолгия» мамандығының түлегі. Қазіргі таңда қалалық ауруханада психолог болып жұмыс жасауда.

 

Әділбекова Айнұр «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі. Қазіргі таңдаОҚО,Ордабаасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде «Айназия» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді.

Айдарбек Ақтоты Айдарбекқызы «педагогика және психолгия» мамандығының түлегі. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінде психолог болып жұмыс жасауда.