Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыс

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы 5.03.011-2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты университетте 19 ғылыми үйірмелер жұмыс жүргізуде: 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша «Жас сарапшы»,  5В010900-«Математика» мамандығында «Жас математик» 5В060200-Информатикада «Іnfobook», 5В011200–Химияда «Жас химик»,  5В011300–Биологияда «Жас биолог», 5В060800–Экологияда «Жас эколог», 5В011600-Географияда «Жас географ», 5В011400-Тарих мамандығында «Жас тарихшы»,  5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығында «Баскетбол», «Волейбол»,  5В0111700-Казақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша «Жас ақын», 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі бойынша «Еnglish club», 5В010300-Педагогика және психология бойынша «Жас талап», «Жас педагог-психолог», 5В010600-Музыкалық білім бойынша «Фортепиано», «Эстрадалық ән» және «Дала сыры», 5В042100-Дизайн мамандығы бойынша «Дефиле», 5В030100- Құқықтану мамандығы бойынша «Фемида» үйірмелері жұмыс жасайды.

Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына, халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысады.

Қазақстандағы мұнай-газ және құрылыс салаларына арналған композициялық, антиоксиданттық, имидазолиндік беттік-әрекетті заттарды алу мақсатында сапасы төмен май шикізатын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы бойынша 5В011200–«Химия» мамандығының 3 курс студенті Әлмахан К., Нуртаза А. қатысады. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді және ХГТУ өткізетін ғылыми конференцияларға қатысады.

ЖШС «ЭКОФАРМ» мекемесімен келісім шарт негізінде орындалатын «ОҚО өсімдіктерді биологиялық әдістермен қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау» тақырыбындағы ғылыми зерттеу (қаржыландырылған) жұмыстарымен 5В050600-«Экономика» 3 курс студентті Юсупова А.айналысады.

«Велмаст» ЖШС мекемесімен келісім шарт бойынша орындалатын «Қызмет көрсету шығындарын азайтудың жолдарын талдап және өндірістің тиімділігін арттыру туралы  зертеу жұмыстарын жүргізіп оны серіктестікке ұсыну және енгізу» тақырыбындағы қаржыландыру жұмысына 2 курс студенті Озбан С., Акылбек А. қатысады.

«Экохим» ЖШС құрылған келіс шарт негізінде «ОҚО, Отырар ауданындағы қоршаған ортаның экологиялық күйін зерттеу» және «ОҚО, Отырар ауданындағы Темір ст. Отын базасынан шығарылатын заттардың қоршаған ортаға әсерін анықтау» тақырыбындағы қаржыландыру жұмыстарымен 5В060800 –«Экологии» мамандығының студенті Камал С. айналысады.

 «Marai E7 Group» ЖШС мекемесімен құрылған келісім шарт бойынша «ОҚО әлеуметтік экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлануын жасау және бағалау» тақырыбндағы ғылыми қаржыландыру жұмыстарымен  5В050600-«Экономика» 2 курс студенті Әмірқұлов Б.А. жұмыс жасайды.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі  ҚР ЖОО және университетте өткізілген конференция жинақтарында жарық көрді.

Студенттер дәстүрлі жыл сайын өткізілетін «Жас зерттеушілер -2017», «ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми практикалық конференцияларға қатысады.  

 Университетте Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан –ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті. Конференцияда төмендегідей секциялар жұмысы жасады:

 

  1. «Педагогика және психология» секциясы

2. «Информатика, физика және математика» секциясы

 3. «Филология» секциясы

4.  «Өнер және спорт» секциясы

20161116_12423020161116_135106

 

5.  «Химия және биология, экология» секциясы

6. «Экономика» секциясы

 

9. «Құқықтану» секциясы

 

10. «Стандартизация және сертификация» секциясы

 

Конференцияға магистранттар, студенттер және мектеп оқушылары қатысты.

20161117_115206

 

 14 сәуір 2017 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтілген студенттер мен жас ғалымдардың  «Ғылым және білім-2017» атты ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясына Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің 1-2 курс студенттері қатысты. Молдаш Б. ТХ-215 тобының студенті 3 дәрежелі дипломмен, ал Ермекбай Х. ЕТ-226 тобы, Жұпарбай Г. ЭК-115 тобының студенті, Алдаш Ә. ЕТ-215 тобының студенті  алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды. Студенттер Астанадан жеңіспен оралды.