Ғылыми зерттеу жұмыстары

Университеттің ғылым саласындағы қызметі 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бойынша  дамудың ұзақ мерзімді бағыттарына, миссиясы мен одан туындайтын мақсат-міндеттеріне сәйкес жүргізілуде.

Университетте кафедраларда 31 бағыттағы ғылыми жұмыстар орындалуда. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі ғылыми еңбектер жинақтарында басылған және оқу процестеріне енгізілуде.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015-2017 жж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру жобасы бойынша «Қазақстандағы мұнай-газ және құрылыс салаларына арналған композициялық, антиоксиданттық, имидазолиндік беттік-әрекетті заттарды алу мақсатында сапасы төмен май шикізатын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы жоба бойынша т.ғ.д., профессор Қорғанбаев Б.Н. жұмыс жүргізуде.

Университеттің мекемелер мен өндіріс орындары бойынша қаржыландырылған келісім шарт негізінде орындалған ғылыми жұмыстарға студенттер қатысты.

      Университетте қолданбалы және іргелі ынталы ізденістік зерттеу жұмыстары орындалады. Олар ҚР ҰҒТА орталығында 13 ынталы ғылыми- зерттеу жұмыстары бекітілді және осы жұмыстар бойынша ізденістік зерттеулер жүргізіліп, орындалуда.  

Импакт-факторы нөлдік емес журналдарда, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексті журналдар, ҚР БжҒМ БжҒ саласындағы Бақылау комитеті тізбесіндегі журналдар, алыс және жақын шет елдердегі халықаралық конференциялар мен ҚР халықаралық және республикалық конференцияларында профессор оқытушылардың ғылыми мақалалары жарияланды. Сонымен қатар, университетте жыл сайын халықаралық ғылыми практикалық өткізіледі.

«Ғылым, білім және тәжірибенің өзара байланысы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Түрік, Тәжікстан, Польша елдерінің ғалымдары қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып, пікір  алмасады. 

       Еліміздегі  жоғарғы оқу орындары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚ мемлекеттік педагогикалық институты, ОҚ мемлекеттік фармацефтикалық академиясы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достастығы университеті, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Мирас университетінің ғалым оқытушылары, жас ғалымдар мен ізденуші магистранттар қатысады.

Конференция барысында Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауларында қарастырылған тармақтарына сәйкес баяндамалар жасалып, талқыланады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану»  Әлжанова Жазира Талханқызы баяндама жасады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы  басқармасының бас  маманы.

«Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жаңа бағыттары» Башпанов О.Р. Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің «Қаржы және есеп кафедрасының» аға оқытушысы

«Гельминтоз туралы жалпы түсінік және алдын алу шаралары» Муминова К.Ш. Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің «Биология, химия және экология» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты

 «Hocalarin Hocasi Ahmet Yesevî» Dr. Ahmet KIYMAZ (Түркия Республикасы)

«Muhtar Awezov’un Abay yolu romaninin türkiye türkçesine çevirisinde etno kültürel unsurlar»  Dr. Ahmet Güngör (Түркия Республикасы)

«Модулорды практикалық сабақтарда қолдану» Юсупов Ардашер Намазбаевич Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің «Өнер» кафедрасының доценті, сәулет өнері ғылымдарының кандидаты

«Промышленные испытания и внедрение аппарата с трубчатой насадкой в  производстве окиси хрома» Левданский А.Э.

Д.т.н., профессор Белорусского  государственного технологического университета, Республика Беларусь

«Ірі қара малдардың буаздығын анықтау әдістерін жетілдіру» Халила А.

Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің «Биология, химия және экология» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы

    

«Анализ системы менеджмента качества в сфере образования» Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің «Есептеуіш техника, стандарттау және сертификаттау» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты