Халықаралық байланыстар

Университетте шетелдік ЖОО, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен,20 келісім шарттар мен меморандум құрылған. Жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті Кырғыз-Ресей қашықтан білім беру Институты (Қырғызстан Республикасы), Өзбекстан Республикасының жануарлар әлемі және өсімдік генофонды институты (Өзбекстан Республикасы), Құқықтану институты (Ресей Республикасы), Тәжікстан педагогикалық университеті (Тәжікстан Республикасы), Автономды коммерциялық емес қосымша білім беру ұйымы «Үздіксіз қосымша білім берудің сібір институты» (Омск), Омскі мемлекеттік педагогикалық университеті, Омск қаласы), Шығыс экономика құқықтану гуманитарлық академиясының заманауи технологиялармен білім беру институты (Томск қаласы), AGH  Ғылыми техникалық университеті (Краков қаласы, Польша),  К.Д.Ушинский атындағы Ярославь мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Республикасы), «Манас» атындағы қырғыз-түрік университет (Қырғызстан Республикасы), А.Аребаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан Республикасы), Халық өнерінің жоғарғы мектебі Омбы филиалы (Ресей Республикасы), Белорус мемлекеттік технологиялық университеті (Белоруссия Республикасы), И.Раззаков атындағы Қырғызстан мемлекеттік техникалық университеті (Қырғыз республикасы), Вильдау қаласының қолданбалы ғылым техникалық университеті (Германия Республикасы), Пловдив қаласының тамақ технология университеті (Болгария Республикасы), Азық-түлік өнімдері бойынша Белорусь Ұлттық ғылым академиясының ғылыми–практикалық орталығы (Белоруссия Республикасы), Белорусь мемлекеттік аграрлық университет (Белоруссия Республикасы) және Белорус мемлекеттік технологиялық университетімен 2014 жылдың 12 желтоқсаннан  бастап консорциумға университетіміз мүше болып  меморандум бойынша бірлесіп қызмет атқарылуда.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру жүйесінің тиімді әрекетіне ықпал ету, жоғары білімді біліктілігі жоғарғы мамандарды және біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды дайындау, қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру, кәсіби білім беру мен ғылымды интеграциялау келісім-шарттың мәні болып саналады.

Университетімізде білікті мамандар даярлау бойынша іс-тәжірибелер, ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, ЖОО-ның алдыңғы қатарлы жетекші мамандардың лекцияларын тыңдау, кеңестерін алу іс-шаралары атқарылуда, нәтижесінде студенттерді ғылыми ізденіс жұмыстарына баули отырып, оларды республикалық байқауларға дайындау, ғылыми жұмыстарды жоғары деңгейде орындалуына үлкен мүмкіндік туындауда. Сонымен қатар келісім-шарт жасалған шетелдік университеттермен бірлескен ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Тәжікстан педагогикалық университетінің ректоры М.К.Ансори мырзамен бірге университетіміздің басшылары кездесуде. Халықаралық ынтымақтастықты жақсарту мақсатында өзара тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауда.

Университетте ф.ғ.к. Ахмет Гунгор,  магистр Ахмет Қыймаз мырзалардың қатысуымен  «Түрік тілдері мен қазақ тілдерінің арасындағы байланысы» атты семинар өткізілді

Университеттің ректоры тех.ғ.д.профессор Б.Н.Корганбаевтың Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумы бойынша өткізілген VI мәжіліске  қатысуы

AGH  Ғылыми техникалық университетінің (Краков қаласы, Польша) профессоры Яцек Чешлик университетте

Болон Декларациясының негізгі принциптерінің бірі ОПҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында К.Д.Ушинский атындағы Ярославь мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д., А.Л.Жохов  университте болды

Жануарлар  және  өсімдіктер генефонды институтының   (Өзбекстан  Республикасы) доценті, биология ғылымдарының кандидаты Келдібеков С.  университтетте қонақта

  Кенан Семиз «Түрік халқының ұлттық мәдениеті», Тургай Акдуруш «Түрік тіліне енген кірме сөздер және олардың өзгеріске ұшырауы»тақырыбында семинар өткізді.

  Оқу ісі жөніндегі проректоры, Малазия, Мелака қаласы, Мультимедия университетінде өткізілген конференцияға қатысты