Ғылыми жұмыстар

«Қаржы және есеп» кафедра сыныңғылыми-зерттеу жұмыстары

«Қаржы және есеп» кафедрасында күнтізбелік және оқу жылдарына ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары түзіліп, соған байланысты жүргізіледі.

Кафедра ұжымы 3 бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:    

  1. Қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары

 18.02.2015 ж. Мемлекеттік тіркелу номірімен №N0115РК00180 «ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму кезеңінде ауылшаруашылығы саласын қаржылық қамтамасыз ету жолдары» ынталы  тақырыбы тіркелді. Осы тақырып бойынша 2015-2017 жж. арналған жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді.  Тақырыпта ҚР-сының Заңдары, нормативтік актілері, қаулылары, заңнамалары ережелері, отандық, шетелдік ғылыми басылымдардағы ақпараттар,  лицензиялар патенттер және мерзімді баспалардағы деректер  зерделеніп, талдау жүргізіліп нәтижесі бойынша ғылыми мақалалар жарияланды және оның есебі жасалды (мақалатізімдері):

  • 2015 жылы 6 мақала
  • 2016 жылы 7 мақала халықаралық конференциялар материалдарында жарық көрді.

 

     2. Оқу процессі мен өндіріс орындарына (мекеме, мектепжәнебасқа да түрлері) ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу

Жас магистр Абилгазиевтің Ш.Е «Мемлекеттік мекемелерде қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану жағдайында есеп жүйесін жетілдіру мәселелері» атты Жас ғалымдардың «Ғылым және білім-2015» атты Х Халықаралық ғылыми конференциясында (Астана 2015 жылғы Ақпан) жарияланған мақала «Қаржылық есептілік» пәніне ендірілді.

(ҚР ҰҒТА орталығында №N0115РК00180 18.02.2015 жылы тіркелген «ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму кезеңінде ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қамтамасыз ету жолдары» ынталы зерттеу жұмысының нәтижелері «Компанияның қаржылық есептілігі және ХҚЕС» пәні бойынша, Қаржылық  есеп берудің  халықаралық стандарттары –тақырыбында оқу процесіне ҒЗЖ ендірілді. Мұнда қаржылық есеп стандарттарына сипаттама беріліп, оны Қазақстанда қолданудың тұжырымдамалы қарастырылады және қолданудың екі жолы ұсынылады: негіз ретінде ұлттық стандартты өңдеу үшін қолдану; қаржылық есептілікті құру үшін маңызды қоғамдық шаруашылық субьектілер өз бетінше қолданылады.

Жалпы оқу прцесіне ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша 2015-2016жж – 6,

2016-2017жж І жарты жылдығында – 4 зерттеу жұмысының нәтижесі ендірілді.

 

   3. Конференция, семинар және дөңгелек үстелдер.

 

Іс-шара атауы

Іс-шараның өтілудеңгейі

Орындаушылардың аты-жөні, тегі, қызметі, лауазымы

Өтілу орны

Өтілу мерзімі

1

Мейрамдардың экономикаға әсері

Семинар кафедра деңгейінде

Башпанов О.Р.

Хаттама№1 17.03.2016ж.

наурыз 2016

2

«Ауылшаруашылығы тамақ өнеркәсібінің бастамасы» тақырыбында семинар

Семинар кафедра деңгейінде

Абилгазиев Ш.Е.

Хаттама №2 28.04.2016ж.

сәуір 2016

3

Студенттердің ғылыми конференцияда баяндама жасауға ғылыми бағыт беру ерекшеліктері

Семинар кафедра деңгейінде

Балабекова Д.Б.

Хаттама№3 17.10.2016ж.

Қазан  2016

4

«Индустрияландыру және экономикалық өсім» экономиканы көтерудің алғы шарттары

Семинар кафедра деңгейінде

Башпанов О.Р.

Хаттама №4 04.12.2016ж.

Желтоқсан 2016

 

        09.12.2015 ж. Университеттеөткен «Білім-Ғылым-Өндіріс»-Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жаңа заманауи тәсілдері атты дөгелек үстел ұйымдастырылды. Оған кафедра өзтарапынан Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары Бейсебаева Салтанат Нұрғалиқызы шақырылып, оған студенттер тарапынан қойылған көптеген өзекті сұрақтарға  толыққанды жауап беріп отырды.  Жұмыс пенқамту 2020 бағдарламасы-жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары, жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жан-жақты маңыздылығы көрсетілді.

 

4. Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары.

29.12.2016ж кафедра Шымкент қаласы «Вельмаст» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен 1 млн.теңгеге бағаланған «Қызмет көрсету бойынша шығындарды азайту және өндірістің тиімділігін арттыру» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізуге 1 жылға келісім-шарт жасады (Келісім-шарт №1). Осы тақырып бойынша күнтізбелік жоспар, орындаушылар тізімі жасалып бекітілді. Бұл зерттеу жұмысынаа студенттер тартылды.

 

5. Профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру.

Кафедра 2014-2015жж. қайта құрылуына байланысты 2014-2019жж аралығына біліктілікті көтеру курстарына бару жоспары жасалған. Бұл жоспар әр оқу жылының басында толықтырылып тұрады. 2014-2015 оқу жылында 3 оқытушы, 2015-2016 оқу жылында 4 оқытушы, 2016-2017 оқу жылының І жартысында 6 оқытушы жүргізетін сабақтар бейініне сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтті.