Студенттердің іс-тәжірибесі

 Іс-тәжірибенің мақсаты:

Іс-тәжірибенің мақсаты білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және   және кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен іс- тәжірибе жүзінде шыңдау. Оларды таңдаған мамандығы бойынша өз бетінше кәсіби қызмет атқаруға және бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен бекіту болып табылады. 

Іс-тәжірибенің міндеттері:

Жоғары білім беруде білім стандартының білікті талаптарына сай тәжірибелік және коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Білім беруде ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстардан тәжірибе жинақтау.

- жаңа талаптарына жауап беретін маман тұлғасының кәсіби  бейінділігін қалыптастыру;

- студенттердің тікелей практикалық іс-әрекеттермен қарым-қатынасы, кәсіби іс-әрекеттерін жүргізу үшін қажетті олардың кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- студенттердің кәсіби іс-әрекеттегі шығармашылық, зерттеу тәсілдерін қалыптастыру, өзіндік еңбегінің  нәтижелеріне талдау жасай білу дағдыларын игеру.

Іс-тәжірибе базалары

Іс-тәжірибе базалары мамандықтардың оқу жоспарындағы іс-тәжірибелердің барлық түрлеріне сәйкес жүргiзiледi. ЖОО білім алушыларының іс-тәжірибеден өтуі оқу үрдерісінің ең маңызды бөлігі. Жоғары білімді мамандарды даярлауда тәжірибеден өту таңдаған мамандығын меңгеру, теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын оқудың әр кезеңінде қолдана білуі мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған білім алушылардың жоспарлы және мақсатты іс-әрекеті болып табылады.

Іс-тәжірибе базалары келесідей негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

- іс-тәжірибе түріне, мамандыққа, мамандандыруға сәйкес болуы;

-мемлекеттік стандарттың шегінде кәсіби бағдарламамен қарастырылған іс-әрекеттің қажетті шеңберінде болу;

- студенттерді іс-тәжірибелік басқару мен ұйымдастыру үшін жеткілікті білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Кафедралар іс-тәжірибе базаларымен  келісім- шарт жаңа оқу жылына  дейін құрылады.

 

2017-2018 оқу жылындағы келісім шарттар түзілген мекемелер:

Іс-тәжірибе бойынша мекемелермен келісім-шарт

Мерзімі

1

ОҚО, Шымкент қаласы, № 39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп

 

2

ОҚО, Шымкент қаласы, №24 C.Ерубаев атындағы атындағы мектеп лицей

 

3

ОҚО, Шымкент қаласы,  Архитетктура және қала құрылысы бөлімі

 

4

ЖСШ  «Восход» фирмасы

 

5

ЖСШ  «Жаңаталап -МТ» фирмасы

 

6

 ЖСШ  «АЭС БЕК»

 

7

ЖСШ  «Гаухар» тігін фабрикасы