Тәрбие жұмыстары

Кафедрада тәрбие жұмысы басты бағыттардың бірі болып табылады. Оқу жылы барысында білім алушылар тәрбиелік белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгіме сағаттары өткізіледі. Ұйымдастырылған іс-шараларға білім алушылар белсене қатысады. Кафедраның тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Кафедра оқытушылары Абдуллаева Г.С., Жунисова Н., Мейірбекова Р., Оспанова А., Турдалиев А.М., Ауелбеков Н., академиялық топтардың    тәлімгерлері ретінде бекітілді.

Оқу жылының басында тәлімгерлердің өз топтарымен танысу және топ жетекшілері мен белсенділерін  бекіту жұмыстары жүргізіледі, студенттердің бос уақытының тиімді өткізілуі талқыланады.

Ай сайын әр топта: топтың сабаққа қатысуы, үлгерімі қадағаланып отырады. Академиялық топтардың барлық студенттері жоғарғы оқу орнының жарлығымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды.

2017-2018 оқу жылы қыркүйек айында кафедраның магистр аға оқытушысы Жунисова Набат «Жастардың киіну мәдениеті» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Өткізілген тәрбиелік іс-шаралар туралы мәліметтер университет сайтына салынып, кафедраның есебінде тіркеледі.

Тәрбиелік жұмыстарды жандандыру алдағы уақытта да кафедраның негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Үйірме жұмыстары

Эстрадалық ән үйірмесі

 

Дефиле үйірмесі

 

_MG_1395

 

Студенттер оқытушы Набат апайымен «Сәндік қолданбалы өнер» сабағында сырмақ жасауды үйренуде

                   

 

“Дала сыры” домбыра үйірмесі

IMG-20161101-WA0002 

20161102_165457