Мамандықтар

Шифр Мамандық атауы квалификация Түсіндірмесі
5В010900 Математика Математика бакалавры Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
- орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары;
- ғылыми зерттеу орталықтары
- мемлекеттік басқару органдары;
- өз жұмысында математикалық әдістерді қолданатын әр түрлі жеке меншік ұйымдары бола алады.
5B010600 Музыкалық білім
Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврі

Музыкалық білім мамандығының бакалаврі музыка мұғалімі, сынып жетекшісі, музыкалық – көркемдік жұмыстарды ұйымдастырушы, музыкалық өнерді насихаттаушы.

5B011400 Тарих 5В011400 – «Тарих»  мамандығы  бойынша  оқу  бітірген түлекке «білім бакалавры»  академиялық  дәрежесі  беріледі.

Мамандық  тарихшының кәсіби  қызмет  нышаны жалпы  білім  беретін және  арнаулы мектептер, лицейлер,  гимназиялар, колледждер,  оқу  құралдарын  шығаратын  баспалар, білім  департаменттері,  тарих  пәні  мұғалімдерінің  білімін  жетілдіру  институттары, бастауыш  және  орта  кәсіптік білім  беретін  мекемелерінде  жұмыс  жасау  мүмкіндіктеріне  ие  болады.

5B011600 География   5В011600 – «География»  мамандығының  түлегіне  география  бакалавр академиялық дәрежесі  беріледі. Түлектің  кәсіби  қызмет  объектісі еліміздің  білім - тәрбие  беру орындары, мектептер, лицейлер, колледждер   және  мектептен  тыс  оқыту – тәрбиелеу орындары және зертханалар, мемлекеттік  басқару  мекемелері,  гидрометерологиялық  және  туристік  станциялар мен   орталықтарда қызмет  атқара  алады
5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті  5В011700-  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген түлектер   қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры академиялық дәрежесіне ие болады.

5В011700- Қазақ тілі мен әдебиетінде оқу арқылы бітіруші:

  • қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазақ мектебінде, колледждерде;
  • қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі орыс мектебінде, колледждерде;
  • аудармашы;
  • журналист;
  • ісқағазын қазақ тілінде жүргізуші;
  • мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілді оқыту;
  • оқытушы;
  • референт-хатшы және тағы басқа қызмет атқара алады
5В030100 Құқықтану Құқықтану бакалавры

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:     

  • Құқық қорғау органдарының қызметкері оның ішінде (прокуратура, ішкі істер, мелекеттік кірістер, Мемлекттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, кедендік бақылау комитеті, әділет органдары және ұлттық қауіпсіздік органдары);
  • сот органдары;
  • нотариалдық қызмет;
  • қорғаушы,
  • кез-келген салада құқықтық кеңесші;
  • мекемеде заңгер;
  • халыққа қызмет көрсету орталығы.
5B060200 Информатика Жаратылыстану мамандығы бойынша информатика бакалавры Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектісі:
-программалаушы, компьютер дизайн облысы маманы,  WEB-программалаушы, объекті-бағытталған программалау облысындағы маман, басқару мекемелеріндегі және бизнес құрылымдарында, есептеуіш компьютер орталықтарында берілгендер қорын құрастырушы
-компьютер циклы және математикаға мамандандырылған оқыту ұйымдарында информатика мамандығының оқытушысы және т.б.
5B011300 Биология Биология бакалавры 5В011300- Биология мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алған түлек орта мектептің бағдарламасына кіретін барлық биологиялық ғылымдар Ботаника,Зоология, Физиология, Цитология, Генетика, Эволоюциялық ілім, Анатомия, Гистология туралы түпкілікті білімі болуы қажет.Биология мұғалімін даярлауда жалпы білім беретін пәндер Экология, Информатика,ТҚН, Философия, Мәдениеттану, Әлеуметтану,Саясаттану,Шет тілі Құқық негіздері,Қазақстан тарихы және басқа кәсіптік пәндермен қатар Педагогика, Психология және бірінші курстан басталып 8 семестрде аяқталатын Үздіксіз мектеп практикасына ерекше орын берілген.
5В011300- Биология мамандығы бойынша білім алған бакалавр мынадай кәсіби іс-әрекет түрлерін орындай алады:
- білім беру(педагогикалық) әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.)биология пәніннің мұғалімі
- ғылыми-зерттеу,кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми -зерттеу жұмыстарымен айналысу
- жобалау,жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру(көгалдандыру, суландыру т.б.)
- өнеркәсіптік - басқару іс-әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда жұмыс жасайды.
5B042100 Дизайн
Дизайн бакалавры

Дизайн бакалавры біліктілік анықтамасына сәйкес бакалаврлар бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер

– лаборант, ғылыми

– зерттеу мекемелерінің инженерлері, конструкторлық және жобалау мекемелерінде және басқа да қызметте жұмыс жасайды.

- сәулет дизайн;

- өндірістік дизайн;

5B060800 Экология Экология бакалавры 5B060800- Экология мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы -өндіріс, басқару, ғылыми-зерттеу және білім беру салалары, экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаның сапасы мен адам денсаулығын бақылау болып табылады.
 5B060800 Экология мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- ұйымдастырушылық- басқарушылық
- өндірістік-технологиялық
- сервистік пайдаланушылық
- эксперименталдық- зерттеушілік
- білім берушілік (педагогикалық)
- жобалаушылық
5B012000 Кәсіптік оқыту
Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалавр

Мамандықтың сипаттамасы         бойынша жалпы білім беретін мектептер,

-оқу-өндірістік комбинаты, кәсіптік лицейлер,

Кәсіби қызмет аумағы: - білім беру (оқу-тәрбиелеу, педагогикалық);

- ұйымдастыру

- технологиялық;

- өндірістік

– басқарушылық;

- жобалау;

- ғылыми – ізденушілік болып табылады

5В010300 Педагогика және психология Мамандығы бойынша бакалавры  академиялық дәрежесінде ие болады Нәтижесінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтерінде, жалпы білім беретін орта мектеп жүйесінде, соның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын комплектілі, санаторийлік, спорт мектептерінде, балалар үйінде, арнайы түзету мекемелерінде, бастапқы кәсіби білім беру мекемелерінде, орта кәсіби білім беру мекемелерінде педагог-психолог қызметін атқара алады.
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалавры

5В010200- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі . Мамандықты нәтижелі бітірген студент, бастауыш сынып мұғалімі, жалпы білім беретін меқтептің бастауыш сатысында, педагогикалық колледждерде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарында,  білім беру департаменттерінде, ғылыми-зерттеу орындарындажұмыс жүргізу мүмкіншіліктеріне ие болады.

5B011200 Химия Химия бакалавы Химия мамандығы бойынша оқу бітірген түлекке 5В011200-Химия мамандығы бойынша "Білім бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі. Химия мамандығы бойынша оқу бітірген түлектер мынадай қызметтерді атқара алады:
- химиялық және педагогикалық салалардағы ғылыми зерттеу ұйымдарында аға лаборант, маман, т,б.
- химия пәнінің оқытушысы, директор, ғылым, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары,жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, т.б.

 

5B010800 Дене тәрбиесі және спорт Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша білім бакалавры Студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы терең теориялық әдістемелік білім берумен бірге, дене тәрбиесі жоғары оқу орындары мен педагогикалық ЖОО-ғы дене тәрбиесі факультеттерін бітіруші мамандар болашақта кәсіби маман ретінде дене тәрбиесі және спорттың негізгі түсініктерін тәжірибеде, спорттық ұйымдарда жәнеде басқа да әр түрлі оқу мекемелерінде дұрыс қолдана білуіне үйрету.
5B011900 Шет тілі: екі шетел тілі Шет тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры

5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша түлектер білім бакалавры академиялық дәрежесіне ие болады.

Аталмыш мамандықты бітірген түлектер ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі, мамандырылған мектеп мұғалімі шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын  және бірқатар пәндерді шетел тілінде оқытатын мектептер, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде шетел тілдері мұғалімі,  мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде  аудармашы   қызметтерін  атқара алады.

5B050600 Экономика Экономика және бизнес бакалвры

Бітірушілердің кәсіби қызметінің обьектілері:

- экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпорындар,

- бюджеттік ұйымдар,

- шағын және орта бизнес кәсіпорындары,

-қаржы компаниялары,

-салық комитеттері,-білім  беру ұйымдары,

-жоғары оқу орындары,

5В050800 Есеп және аудит Экономика және бизнес бакалавры Есеп және аудит мамандығын бітірушінің біліктілігі келесі құзыры бойынша анықталады:бухгалтер мамандығының тарихын және бухгалтерік ойдың  дамуын білумен;сыртқы және ішкі ақпаратты  пайдаланушыларға қаржылық шешімдерді қабылдау үшін есептіліктердің мазмұнын, құрылымын түсінуге және білуге; ақпаратты пайдаланушылардың мүддесін  қанағаттандыруға арналған бухгалтерлік ақпараттарды бағалауды білу, Қазақстанның заңдылықтарын білу, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы ғылымның теориялық-әдістемелік  негізін білу,ХҚЕС ережелеріне сай есеп саясатын жасау және кәсіби пікір білдіре алумен анықталады. Бітіруші кез келген нысандагы ұйымдарда , кәсіпорындарда аудиторлық және бухгалтерлік қызметті атқара алады.
5B050900 Қаржы Экономика және бизнес бакалвры

Қаржы мамандығының бакалавры мынадай лауазымдарды атқара алады: қаржы жөніндегі бас және жетекші маман, қаржы жөніндегі маман, қаржы директоры, коммерциялық менеджер, аудиторлар немесе ревизор, қаржы аналитигі, сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі маман, республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржы,сақтандыру және ипотекалық  компанияларында, инвестициялық қорларда ҚР Қаржы министрлігінде,ҚР Ұлттық банкісінде , мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарда, түрлі деңгейдегі әкімшілктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, меншіктің барлық нысандарындағы  кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде, яғни жоғары кәсіби білімді қажет ететін лауазымдарда жұмыс істей алады.

5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын бітірушілер мынадай қызметтерде жұмыс жасай алатын болады:

  • Санатсыз жоғары деңгейлі біліктілікті маман;
  • Екінші санатты жоғары деңгейлі біліктілікті маман;
  • Бірінші санатты жоғары біліктілікті маман.

 

Мамандық бойынша бакалавр мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • жобалаушы-құрастырушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-басқарушылық;
  • эксплуатациялық.                    

Кәсіби қызметінің бағыттары. Кәсіптік қызмет бағыттары математикалық, ақпараттық, техникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етілуі әзірлеу мен жүзеге асыру болып табылады, оған:

  • есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілерінің;
  • ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің;
  • автоматтандырылған жобалау жүйелерінің;
  • есептеу техникасы құралдарының және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) қызметтері кіреді.
5B073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Бакалаврдың кәсіптік қызмет саласы – өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа) және жүйеге қойылатын өнім мен қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне,өндіруші мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікке бағытталған талаптарды, нормаларын, ережелерін анықтау,іске асыру және бақылау.

5В073200- Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады.

  • Ұйымдастыру –технологиялық ;
  • Есептік – жобалық;
  • Зерттеу – эксперименттік.
6M050600 Экономика Экономика магистрі

Бітірушілердің кәсіби қызметінің обьектілері:

- экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпорындар,

- бюджеттік ұйымдар,

- шағын және орта бизнес кәсіпорындары,

-қаржы компаниялары,

-салық комитеттері,

-білім  беру ұйымдары,

-жоғары оқу орындарын