Студенттердің іс-тәжірибесі

               Студенттер білім алу кезеңінде әр түрлі іс тәжірибеден өтеді:

1 курста оқу, 2 курста психологиялық-педагогикалық, 3 курста педагогикалық, 4 курста диплом алды іс тәжірибесі. Бұл іс тәжірибелер келісім шарт негізінде облыс, қала мектептерінде өткізіледі. Студенттер іс тәжірибе кезінде мамандық қыр-сырын меңгеріп, балалармен жұмыс істеу біліктілігін арттырады, мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерімен таныса отырып, университет қабырғасында алған білімдерін іс жүзінде пайдалана отырып, пән әдістемесінің заңдылықтарын, оқытудың инновациялық әдістерін, сыныптан тыс іс-шараларды өткізу әдістерін меңгереді.