Тәрбие жұмыстары

                            Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болудың кепілі

«Қазақ даласының билерсоты–тарихи ұлттық құндылық»атты облыстық соттың төрағасы Баратбеков Талғат Қожанұлының  ұйымдастыруымен өткен конференция.

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?

Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды.

Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.

Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

Университет басшылары мен ағарту саласындағы қызмет етіп жүрген оқытушылары мен студенттерің және заң саласындағы қызметкерлер конференцияға қатысты.

Үш биіміздің сол дәуірлердегі әділ шешімдері мен бейбіт өмірді сақтап қалу мақсатында жүргізіліп отырған мәслихаттардың халық арасындағы ауызбіршілікті сақтап отырған.

 

 

  Бүгін  11.10.2017ж.сағ 11/00-де «Нұрсат»шағын ауданында Отырар кітапханасында «Алаш»қозғалысының құрылғанына 100-жыл толуына орай өткізіліп жатқан «Азаттықты аңсаған арыстарым ардақты» атты облыстық шығармашылық байқау өтті.Аталған іс-шараға біздің университетіміздің филология факультетінің  КЗ-215,КЗ-216 топтарында білім алып жатқан студенттер толық қатысты.Азаттыққа қолымыздың жеткені  кешегі күннің «Алаш »азаматтарының арқасында болса, еліміздің бүгіні мен ертеңі жастардың қолында екенінде айта кету керек.

         

 

2017жыл 22 қыркүйек күні сағат 11-00 А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  мамандарымен бірлесе отырып Кеңес Одағының Батыры,ұлттық әдебиетіміз бен ғылымда өшпес із қалдырған Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығын студенттерге насихаттау үшін «Ұрпаққа үлгі азамат»атты ақпарат сағатын өткізуге және «Туған тілім тіршіліктің тірегі»атты тілдер мерекесіне орай өтілген ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл іс-шараны Педагогика және психология факультетінің «Қазақ және шет тілдер»кафедрасының ұйымдастыруымен іске асты.Онда КЗ-216,КЗ-217,ШТ-216,ШТ-217 топ студенттері белсене қатысып өз өнерін көрсетті.Тілге құрмет-ұлтқа құрмет демекші ана тіліміздің бойымыздан ағып жатқан бабам тілінің асқан құдіреті шексіз екенінде студенттер қара сөзбен, өлең жырмен және мағыналы да сүбелі сөздермен жеткізе алды. Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылық жолдарымен терең танысып сыр-сұхбат жүргізе отырып маңызды мағлұматтар алды.

Студенттер тілдер мерекесінде ән айтуға баулу,тіл туралы мағлұматтармен бөлісу,бейнероликтер жүргізіп отырды.Сағат сайын саулығыңды тілеймін,сенсіз мынау керегі не ғаламның!Сенің әрбір тынысыңмен үн кешем,Сен арқылы тіршілікпен тілдесем дей отырып ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл-әрбір елдің жаны.

Осыдан тура 25 жыл бұрын -1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы »заң қабылданған болатын.Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі,ал орыс тілі-ұлт аралық тіл деп бекітілген.

 

 

                  Шабыт -2016

   Университетіміздің қолдауымен дарынды жастарды жинау мақсатында «Шабыт-2016»жыл байқауы өткен болатын.Бұл байқаудың шарттарына дәстүрлі әндер,көркем сөз оқу шеберлігі,жүргізушілік қабілет бойынша студент жастар қатысты.Оның ішінде «Қазақ тілі және шет тілдер»кафедрасының студенттері Тұрды Ерасыл жүргізушілік қабілет бойынша II орынды иеленсе,Батырова Нағима дәстүрлі ән,ал көркем сөз оқу шеберлігі бойынша Үсен Наргиза I орынды иеленсе,Сапарали Гүлдана II орынды иеленіп,іс-шараға белсене араласып қатысты.Іс-шара университетіміздің думан залында өткізілді.Іс-шара сәтті аяқталып,өнерлі жастардың басын қосты.

« Әлем ақыны атты» Мұхтар   Шахановтың 75-жылдық мерейтойы

Елбасымыздың «Болашаққа бастау-рухани жаңғыру»атты  реформасының аясында шырайлы қаламыздың Ж.Шанин атындағы театрда ақын-жазушы,қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Әлем ақыны атты» 75-жылдық мерейтойы аталып өтті.Бұл іс-шараға «Қазақ және шет тілдер»кафедрасының студенттері белсене қатысты.Іс-шараның басты қонақтары Мұхтар Шаханов,Тамара Асар,Хадиша Шалабаева ж/е т.б.Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары болды.Мерейтойдан рухани білім,белгілі ой түюге болады.Жалпы алғанда мұндай іс-шараларды қаламызда  көптеп өткізіп тұру қажет деген жастардың арман-тілектері де айтылды.

 

5-мың адамның қатысуымен марафон өтті

     Салауатты өмір салтын мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев,қала әкімі

 Ғабидолла Әбдірахымов,облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов,сондай ақ  әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және университет студенттері қатысуы міндеттелді.Осы аталған іс-шараға біздің университеттің  студенттері соның ішіндегі «Қазақ және шет тілдер»кафедрасының 1.2.3.4 курс студенттері толықтай қатысты.Салауатты өмір салтын қолдайық ағайын!