Ғылыми жұмыстар

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысы стратегиялық жоспарда бекітілген үш бағытта жүргізіледі: «Фольклор мен әдебиет байланысы», «Қазақ және әлем әдебиеті», «Шетел тілін меңгерудегі инновациялар». Сонымен қатар ҚР ҰҒТА орталығында № 0115РК00207 тіркелген  «Инновациялық технологиялар негізінде филология ғылымын дамыту» тақырыбы бойынша 2015-2017 жылға арналған фундаменталды зерттеу жоспары құрылып, зерттеу жұмыстары атқарылып келеді. Осы бағытта ф.ғ.д., профессор Бахадырова С. (Кіріспе, Қорытынды, 1, 2, 3тарау), п.ғ.к., Л.Б.Ибраева (1, 2 тарау), аға оқытушы, магистр Д.М.Даулеталиева библиография бөлімі бойынша зерттеу жүмыстарын атқарып келеді.

ЖОО-мен, өндіріс орындары және мәдени орталықтармен  мынадай  келісім-шарттар түзелді: Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, түркология институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Құлбек Ергөбекпен келісім шарт жасалды. ОҚМПИ филология факультетімен келісім шарт жасалды.

2015 жылы қазан айында Түркітану институтының  директоры профессор Құлбек Ергөбек және  Ресей академиясының академигі Виктор Яковлевич (Абакан, Хакасия) қатысуымен ұйымдастырылған «Түркі халықтарының әдебиеті және Алаш Орда» тақырыбында семинар өткізілді.

Кафедра оқытушылары жыл сайын импакт-факторы бар журналдарда зерттеу еңбектерінің нәтижесі бойынша мақалаларын жариялайды,  халықаралық ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысады, ҚР БҒМ тізіміне енгізілген ұлттық журналдарға ғылыми еңбектерін жариялап тұрады.