Кафедра жетістіктері

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жүйелі түрде біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасы аясында, алыс шетелдерде де ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстарында, семинарларда білімдерін жетілдіруде. Мәселен, п. ғ. к. Ибраева Л. Б. «Көптілдік және мәдениаралық коммуникация мәселелері транслятологи және русистика" ХХІ ғасыр РХДУ-де (Мәскеу қ., 2016 ж.), к. ф.н. Абдуалиев Т. М. –"ҚР жоо-ның оқытушылары" біліктілігін арттыру курсы (Өрлеу "орталығы, Алматы, 2015), оқытушылар Закирова Г. Ф., Даулеталиева Д. М., Байдулаева С. С. – «Жоғары білім заманауи тенденциялары» (Омск қ., 2015 ж.),  ф.ғ.к., Тоқтағұл Б., ф.ғ.к.,Ниетбайтегі Қ.А., магистр Болатова А. «Білім сапасын көтеруде иновациялық технологияларды қолдану» семинары (ALEM-KZ орталығы, Алматы қ., 2016 ж.), магистр Айдарова Айғаным «Педагогикалық менеджмент» (Омск қ., 2016 ж.) біліктіліктерін көтерді.

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары бойынша бітірген түлектер мектептерде, коледждерде, білім орталықтарында,  халықаралық комапанияларда аударма саласында қызмет жасайды.