Қамқоршылық кеңесі

Қамқоршылық кеңесі

1. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің Қамқоршылық кеңесі білім беру ұжымдық басқару ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Қамқоршылық кеңес білім беру мекемелері әкімшіліктерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі органдар және басқа да ұйымдармен өзара қатынаста жұмыс істейді..

 2. Қамқоршылық кеңесінің мақсаттары мен міндеттері

  Қамқоршылық кеңес жұмыстарының мақсаты ХГТУ дамуының өзекті мәселелерін шешуіне көмектесу, қазіргі талап, сарапшы және кеңес беруші қызмет деңгейінде іргелі және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлау бойынша жоғары білікті кадрларды дайындау орталығы ретінде қалыптастыруға көмек көрсету және жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларын ендіру, ғылыми және қолданбалы қызметтердің отандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

2.  Қамқоршылар кеңесі:

  • Үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына, студенттерді рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, олардың іскерлік және кәсіби қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.
  • Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерді дамытуға, университеттің ғылыми мектептерінің дамуы мен қалыптасуына қолдау көрсетеді.
  • Мамандарды бірігіп дайындау үшін қазақстандық және шетерлік мамандар мен фирмаларды тартады.
  • ХГТУдың халықаралық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастығын қалыптастыруға және дамытуға көмек береді.
  • Мамандардың сапасын арттыруға себептес болатын келешегі бар бағдарламаларды қаржыландыру мен орындауға көмектерді іске асырады.
  • Университеттің оқу, ғылыми және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктеріне қажет объектілерінің құрылысына көмектесу, оқу үрдісіне және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті есептеуіш және ұйымдық техника құралдарын, материалдарын, құрал-жабдықтарын алуға көмектеседі.
  • ХГТУ студенттері, магистранттары мен оқытушыларының шетелдік тағылымдамадан өтуіне және шетелдік ғалымдарды, мамандарды, магистранттарды,  PhDдокторанттары және студенттерді қабылдауда қаржыландыруда қөмек көрсетеді.
  • Қолданбалы, ізденіс, жобалық-зерттеуші және басқа да жұмыстарды орындауда қатысуда, сараптық-кеңестік қызметтерді, кадрлар біліктілігін жоғарылату сұрақтарының шешімдерін талап ететін, мамандарды даярлауға бағытталған сферадағы ХГТУдің ғылыми-техникалық потенциалын біріктіру бойынша көмектеседі.
  • ХГТУ бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша көмек береді.
  • Ақпараттық, қоғамдық және көрмелік қызметтерді жүзеге асыруда көмек береді.
  • Қамқоршылық кеңесінің құзіреттілігіне қатысты басқа да сұрақтарды қарастыру.
  • Студенттер, магистранттар, тыңдаушылар мен қызметкерлерге, профессорлық оқытушылық құрамына да әлеуметтк қорғау мен көмек көрсетеді.

3. Қамқоршылық кеңесінің құрамы :

  Қамқоршылық кеңестің құрамына университет басшысы, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің,  кәсіпкерлік, қаржылық және ғылыми ортаның,  бірлестіктердің, ассоциациялардың, кәсіпорындар мен мекемелердің, сонымен бірге меншік нысанына қатыссыз шетелдік ұйымдардың да өкілдері кіреді.

 

4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттігі:

  • мәжілістерге қатысу;
  • өз қызметтерін атқару үшін қажетті университет қызметтері туралы толық және сенімді ақпараттарды алу;
  • университет құжаттарымен танысу, олардың көшірмелерін алу;
  • университет қамқоршылық кеңесінің шешіміне жазба түрінде ескертпелер ұсыну.

 

Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде Ғылыми кеңесінде қаралып,  бекітілген (№3 хаттама, 28 қазан, 2015 жыл). 

 

Қамқоршылық кеңесінің құрамы

 

1

Идрисов Динмухамед Аппазович

Кеңес төрағасы

Директорлар Кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы инженерлер академиясының академигі

2

Корганбаев Бауржан Ногайбаевич

Кеңес төрағасының орынбасары

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор

3

Журинов Мурат Журинович 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик

4

Ибрагимов Сатыбалды Тлемисович

Экономикалық реформа мен аймақтық даму бойынша Комитет Мүшесі, экономика ғылымдарының докторы

5

Абсадыков Бахыт Нарикбаевич

 

Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электро-химия АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі бас директорынеың орынбасары, техника ғылымдарының докторы,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Корреспондент мүшесі

 

Ереже