Тәрбие жұмыстары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті

    


 

                                 «Бекітемін»
           ХГТУ президентінің тәрбие         
           ісі жөніндегі орынбасары
                  ____________Ы.О. Каладинов
           «____»__________2013 ж.    

    

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің «Фемида» студенттік үйірмесінің 

ЕРЕЖЕСІ

Шымкент-2013 ж.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің «Фемида» студенттік үйірмесінің 

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже

Осы ереже Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің белсенді студенттерін Қазақстан Республикасының жастар саясаты мен стратегиясын дамыту мен институт аралық қоғамдық жұмыстарға белсене араласу, студенттерді бір ортаға топтастыру және қалалық, облыстық, республикалық көлемде ұйымдастырылатын іс шараларға қатыстыру. 
Қазақстан-2020 «Болашаққа айқын жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басымдықтарды  жүзеге асыру. 
Қазақстанның болашаққа барар жолы жастарымыздың даму-деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан кемел келешектің негізін бүгіннен бастауға студенттерді жұмылдыру.
         Жастарға аға буын бастаған эстафетаны жалғастыру, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
         Елжанды, білімді, кәсіби білікті, саналы, рухы асқақ, бәсекеге қабілетті,  әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі биік жастарды тәрбиелеу.
 «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты және одан кейінгі жасалған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауларын студенттер арасында жүйелі түрде насихаттау. 
Үйірме студенттерді рухани мұраттармен таныстырып, жалпы терең мағлұмат алуға шақырады, жастарды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді ояту, дәстүрлі ұлттық рухани құндылықтарын сараптай отырып,  оларды тани білуге баулу.
 
1. Мақсаттары

1.1    Студент жастарды бүкіл әлемдік жастар саясаты аясындағы мәселелер бойынша көзқарастарын қалыптастыру.  
Университеттің белсенді студенттерін бір орталыққа топтастыру;
     Студенттердің  қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу қабілетін жүйелі түрде арттыру;
     Университет ішінде және республикалық, облыстық, қалалық  көлемде ұйымдастырылған іс шараларға белсенді қатысып олардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне ой-пікірлермен бөлісу;
     Студенттерді қоғамда орын алып жатқан саяси, әлеуметтік мәдени жаңалықтарға өз ойын білдіріп, пікір алмасу қабілетін арттыру және студент болашақ білікті маман екендігін көрсете білу;
     Қазіргі жастар арасындағы құқықбұзушылықтың салдарынан орын алатын қоғамға жат, теріс әрекеттердің алдын алу жолдарын іздестіру және оларды болдырмау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру, кеңестер беру;
     Студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстар мен жобаларға бейімдеу және білім деңгейі төмен студенттермен қосымша кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
     Жастарға төзімділік мәдениетіне, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін жүйелі түрде насихаттау және коғамдық мәдениетті  қалыптастыру;
Жастарды ұлтшылдыққа, отанның патриоты болуға тәрбиелеу;
Студенттермен тәрбиелік сипаттағы кеңестер жүргізу. 

2. Міндетттері

       2.1  Болашақ маманның кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаһандық даму және  заманауи талаптарға сәйкес мамандарды даярлау;
     2.2 Студент бойында қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
    2.3  Жас таланттарды қолдау және шығармашылық қабілетін арттыруға оны  дамытуға жағдай жасау;
    2.4 Мамандық бойынша пәндік олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру және өткізу; 
    2.5   Студенттерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
    2.6   Студенттік өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру және иоған қолдау көрсету;
    2.7   Республикалық студенттер жұмысы байқауына қатысу;
    2.8  Курстық және дипломдық жұмыстар байқауын ұйымдастыру, өткізу және қатысу, жеңімпаздарды марапаттау;
    2.9   Ғылыми мақалалар мен тезистер дайындау және басылымға шығару;
      2.10 Университет студенттері арасында пікір сайыс өткізу және қоғамдағы орын алып жатқан көкей-тесті мәселелерді талқылау, ой бөлісу;
      2.11 Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында дебаттың қазақша саналы форматында маусымашар өткізу; 
     2.12 Жаңадан қабылданатын заңдар жобасына пікір білдіру және оның сапалы болуына белсенді түрде атсалысу.
    2.13 Үйірмеге жаңдан қабылданған мүшелермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
 

2017-2018 оқу жылында оқу процесінің тәрбие жұмысының жоғарғы оқу орындарының бекітілген стандарттарына сәйкес білікті мамандарды даярлауда, студенттерге оқытушылармен берілетін тәрбие жұмысының алатын орны ерекше және оны атқару әрбір оқытушының міндеті болып табылады. Тәрбие жұмысы оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.                   

   Тәрбие жұмысының жоғарғы оқу орындарының      талаптарына сәйкес атқарылуы мақсатында жоспар негізінде 10 тараудан тұратын бағытпен жасалды.Тәрбие жұмысының жоспары кезекті кафедра мәжілісінде талқыланып,  факультет  кеңесінде  бекітілді.

Жалпы тәрбие жұмыстары 10 бағыт бойынша жүзеге асырылды:    

  1. Ұйымдастыру және жоспарлау;
  2. Қоғамдық тәрбие;
  3. Адамгершілік рухани тәрбие;
  4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  5. Эстетикалық тәрбие;
  6. Экологиялық тәрбие;
  7. Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие;
  8. Құқықтық тәрбие;
  9. Студенттерді мамандыққа баулу бағыты;
  10. Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу іс-шаралары;

Топтар

Курс

Эдвайзердің (аты-жөні)

«Құқықтану» (күндізгі бөлім)

1

ЮР-117

1 курс

Сарсенова М.М.

2

ЮР-116

2 курс

Алимкулова А.С.

3

ЮР-126

2 курс

Куланова Г.З.

4

ЮР-136

2 курс

Першеев А.С.

5

ЮР-115

3 курс

Абсаматова Э.О.

6

ЮР-125

3 курс

Тургунбаева А.Т.

7

ЮР-114

4 курс

Сартбаева У.К.

8

ЮР-124

4 курс

Каныбеков А.Ш.

 

Халықаралық гуманитарлық -техникалық университеті

«Құқықтану» кафедрасы

 

2017 жылдың  28  Қаңтарда Шымкент қаласында «Әл-Фараби» алаңынан бастау алып, «Наурыз» алаңынан аяқталатын 28-ші Дүниежүзілік  қысқы «Универсиада – 2017» ойындары  өңірлік алауының эстафетасы өтілді. Осы «Универсиада -2017» іс шарасына Халықаралық Гуманитарлық Техникалық университетінің ұжымы және студенттері белсенді түрде қатысты.

«Жемқорлықсыз Қазақстан» 2017 жылы 11 сәуір күні «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Жемқорлықсыз Қазақстан» акциясы өткізілді. Акцияға «Құқықтану» мамандығы ЮР-116, ЮР-115, ЮР-125, ЮР-114, ЮР-124 топтарының студенттері белсенділік танытты. Жауапты: құқық магистрі,аға оқытушы Э.О. Абсаматова