Тәрбие жұмыстары

Кафедрада тәрбиелік іс-шараның мазмұны мына бағыттарда жүргізіледі

1.Қоғамдық тәрбие

2.Адамгершілік рухани тәрбие

3.Салауатты өмір салты

4.Эстетикалық тәрбие

5.Экологиялық тәрбие

6.Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие

7.Құқықтық тәрбие

Кафедрада топ тәлімгерлері жыл басында бекітілген жоспарға сай жұмыс жасайды.Кафедраның аға тәлімгері Ұ.Ш.Төлеген

Кафедраға қарасты  барлық топтарда тәлімгерлік  сағаттар  мен ашық тәрбие  сағаттары  бекітілген  жоспарға  сай жүргізіледі.Жоспар бойынша  бекітілген  тәрбие  сағаттар  тәлімгерлердің хаттамаларында талапқа сай қарастырылған.

«Тарих және география»  кафедрасының  тәрбиелік іс-шаралары

«Мәңгілік ел»Қазақ халқының сан ғасырының арманы –атты  ашық  тәрбие  сағаты.

            04.11.2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Тарих  және география » кафедрасының аға  оқытушысы  Төлеген Ұлзияның  ұйымдастыруымен  «Жас  тарихшы» және  «Жас географ» үйірмесінің  белсенді студенттерімен  бірге «Оңтүстік тарихы »  атты  «Атамекен » туристік жорығын жасады.

              Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру   саясаты  аясында  болған  бұл саяхаттың  жастарға  берері  мол.

                                                  Ибраһим ата (XI-XII ғ.ғ.)

Шымкент қаласы,  Сайрам тұрғын-үй алабының солтүстік – шығыс бөлігінде  орналасқан.   Ибраһим  ата  кесенесі –әйгілі уағызшы мазарына қойылған  сәулет ескерткіші. Ибраһим  ата-атақты сопы  Қожа  Ахмет  Яссауидың  әкесі, діни  көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған.

Қарашаш ана (XI-XII ғ.ғ.)

Шымкент қаласы,   Сайрам тұрғын-үй алабының орталық   бөлігінде  орналасқан  Қарашаш  ана  кесенесі    порталды-күмбезді   құрылыс.

             Отырар  мемлекеттік археологиялық  қорық-музейі.

ОҚО  Отырар ауданының орталығында орналасқан мұражай. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым Әбу Нәсір Әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең белгілісі.

Арыстан баб кесенесі жанындағы Арыстан баб мешіті

Жастардың   бойында   діни   сауаттылықты   дамыту  жолында,   осындай мешіттер  көп  болғаны  абзал.

                      Қ.А.Яссауи кесенесі XIV  ғасырдың соңы

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты-орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.Кесене  ХІІ ғасырда өмір сүрген бүкіл  Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны,софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің   бейітінің  басына орнатылған.Кесене бүкіләлемдік  мұралар тізіміне енгізілген.

    Үкаша ата  мазары мен құдығы IX-X ғ.ғ.

Түркістан  қаласынан  солтүстікке қарай 35 шақырым жерде  орналасқан.

Аңыз бойынша Үкаша ата шапса  қылыш өтпейтін,атса оқ өтпейтін  қасиет  дарыған алып денелі,батыр болған.

Осындағы  қасиетті  саналатын құдық суы жер асты арқылы Меккедегі Зәм-зәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар.

 

      23.11.2017 жылы «Тарих және география» кафедрасының  аға оқытушысы Сабирова Аманкүлдің  ұйымдастыруымен   «Жас тарихшы» және  «Жас географ »  үйірмесінің белсенді  студенттері  Отырар облыстық кітапханасына  барып қайтты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

        Кітапхана ішіндегі  Отырар музейіне кіріп Алтынбекова Үрзада Әлімжанқызының  таныстыруымен  студенттер өздеріне керекті мәліметті ала алды .

       Сонымен қатар Отырар кітапханасындағы «Ғылыми зерттеу» ,  «Елбасы залы », «Өнер »  бөлімдеріне кіріп  жеке  танысып  шықты.

Еркінбек  Тұрысов жазушы- драматург. 90-ға келсе де Отырар кітапханасында жұмыс жасап отыр.Еркінбек Тұрысов ХГТУ студенттеріне  уақытын бөліп қызықты әңгімелерін айтып, соңғы жазған кітаптарын көрсетті.