Ғылыми жұмыстар

       Тарих және география кафедрасының  ғылыми-зерттеу жұмысы 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сай бекітілген ҒЗЖ жоспарына сәйкес,кестеде көрсетілген ғылыми бағыттар бойынша жүргізілді:

Кафедра

ҒЗЖ   бағыттары

 

Тарих және география

1)Қазақстанның бүгіні,ертеңі,болашағы.

 

2016-2017 оқу жылында  Халықаралық Гуманитарлық  Техникалық Университетінің  оқу-әдістемелік  кеңеcімен  ұсынылып,7 оқу  әдістемелік  құрал баспадан шықты.Атап айтар болсақ:

    Динашева  Л.С.,Қарабаева К.У. «Әлемдік  өркениеттер  тарихы»  Шымкент,2017.96 бет. Көлемі 4.5.б.т.

   Динашева  Л.С.,Тастанбеков М.М.«Шетелдердің жаңа тарихы ».Шымкент.2017.188б.Көлемі 11,75 б.т.

    Қарабаева К.У.,Байтұр М. «Саясаттану».Шымкент,2017.Көлемі 8,3 б.т.

    Sultanova V.I.,Karabaeva  K.U. «Sociology» Shimkent 2017.147p.

    Төлеген Ұ.Ш.,Жанысбеков М.Ә. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен  студенттердің  даярлығын жетілдіру».Шымкент 2017.144 б.Көлемі 10 б.т.

    Сабирова А.С.,Нысанбекова  А.У. «Философия».Шымкент ,2017.Көлемі 5.6.б.т.

    Сабирова  А.С.,Нысанбекова А.У. «Этнология».Шымкент,2017.Көлемі 4.б.т.

Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысы.

     Тарих және география  кафедрасы 2016-2017 оқу жылында  Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарға сай орындап шықты.Кафедрада ай сайын,жүргізілетін  кафедра  мәжілісінде кафедра жұмыстары үнемі  талданып,талқыланып отырады.

        Астана  қаласы  «ZIAT» ғылми-әдістемелік орталығы  ұйымдастырған  VII Республикалық  «Ғылым шарайнасы» атты ғылыми  жұмыстар сайысына ТХ-215  тобының студенті Молдаш Б. «Ғұлама шайыр-Шәді Төре Жәңгірұлы» мақаласымен қатысып,дипломмен марапатталды.

       Униветситеттің ұйымдастыруымен өткен 26 сәуір 2017 жылы өткізілген «Жас зерттеушілер -2017» ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясына ТХ-215 тобының  студенті Молдаш Б. «Алаш көгіндегі күн-Әлихан Бөкейханов » атты мақаласын, ғылыми жетекшісі Нысанбеков А.Ө.,ТХ-216 тобының студенті Мақсым Д. «XIX  ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ мәдениетіндегі Мәделі Қожаның тарихи мәні» мақаласын ғылыми  жетекшісі Сабирова А.С.дайындап,ғылыми жұмыстарын қорғады.3 студент алғыс хатпен  марапатталды.Биылғы оқу жылында кафедраның профессор-оқытушы құрамы , студенттері ғылыми жұмыстарда белсенділік көрсетті.

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»

атты семинар

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті,   Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы,   «ИНТЕЛЛЕКТ –ЭКСПЕРТ»  Әлеуметтік-экономикалық   зерттеулер  орталығымен  бірге   2017  жылғы   27  қазанда  Қазақстан  Республикасы  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы :жаһандық бәсекеге қабілеттілік »  Жолдауы және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»   Бағдарламалық   мақаласы   бойынша   кешенді  іс-шараларды жүзеге   асыру   мақсатында   семинар   өткізілді.

Семинарға  «ИНТЕЛЛЕКТ- ЭКСПЕРТ»   Әлеуметтік –экономикалық зерттеулер    орталығының   директоры,  тарих  ғылымдарының докторы, профессор, академик Мәжитов Саттар Фазылұлы  

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к.,доцент К.У.Қарабаева, биология ғылымдарының кандидаты, Жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы Г.Т.Жүсіпова, тарих ғылымдарының кандидаты Л.А.Рсымбетова  және  аталған университеттің  профессор-оқытушылар құрамы,студенттер қатысты   және  « Абылай  хан »  атындағы Халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Дина Жүсібалиева,  « Тұран »  университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент Атабаева Фарида Қамиқызы,  т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С.Уалтаева,  Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылым» кафедрасының доценті,т.ғ.к., М.Ж.Шаймерденова, философия  ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, академик Г.Қ.Біләловалар қатысты.     

         Семинарға қатысқан  зиялы қауым тарапынан  тың ұтымды  идеялар ұсыныстар енгізіліп, жүзеге асыру  жөнінде кеңінен ақпараттық  қолдау ұсынылды.

 

Оңтүстік Қазақстан облысында «Болашаққа бағдар ,рухани жаңғыру » мақаласы аясында іске асатын жобаларды облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаев «ИНТЕЛЛЕКТ-ЭКСПЕРТ» Әлеуметтік-экономикалық  зерттеулер  орталығы  өкілдерімен ,Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті  ғалым-сарапшылар, а.ш.ғ.к.,доцент К.У.Қарабаева   б.ғ.к. Г.Т. Жүсіпова т.ғ.к.,кандидат Л. Рсымбетова   талқылап,облысымызды  этносаралық қарым-қатынасты,рухани құндылық пен мәдениеттің табиғатын  өңірдің миграциялық, көші-қон процестері  мен  қоғамдық санасы жаңғырту жолдарын  халықаралық тәжірибеге сүйене  отырып  зерттеу  және  сараптау  жұмыстарын  жүргізу үстінде.