Университеттің жалпы сипаттамасы

    Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті 08.04.1998 жылы Оңтүстік Қазақстан университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып тіркелген (куәлігі 8046-1958-ЖШС), 22.08.2003 жылдан университет Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өзгеріп, Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде заңды тұлға ретінде қайта тіркеуден өтті. Жоғары оқу орнының құрылтайшылары – «Новая технология» ЖШС, Алматы қ., Мәскеу мемлекеттік ашық университеті, Мәскеу қ., Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты, Алматы қ. Университетінің қызметі 2003 ж. 7 тамызда құрылтайшылар бекіткен Жарғысымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеу деректері туралы статистикалық картасы №3862101.
    Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті жеке мекемесіне 2003 жылдың 11 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кәсіптік жоғары білім беру саласында білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін, мерзімі шектеусіз №0137473 АА сериялы мемлекеттік лицензия берілген.
   05 қаңтар 2011 жылғы құрылтайшылар жиналысының шешімінің негізінде Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жарғысынан «Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті Білім мекемесі» Жеке мекеме жарғысына ҚР Әділет министрлігі ОҚО Әділет департаменті заңды тұлғаға мемлекеттік тіркеуден 2011 жылдың 30 наурыз күні өтуіне байланысты «Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті Білім мекемесі» жеке мекеме болып қайта рәсімделді.
   Халықаралық гуманитарлық –техникалық университеті маман даярлауда халықарлық деңгейдегі әлемдік озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқу үрдісінде кеңінен насихаттайтын қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Университетіміз 2008 жылдың желтоқсан айында өткен Мемлекеттік аттестаттау комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сараптауы негізінде 2008 жылы желтоқсан айының 18-ші жұлдызында №1455 бұйрығымен аттестаттаудан нәтижелі өтті.
   Жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті Мәскеу мемлекеттік ашық университетімен (Ресей Федерациясы), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен және Д.Сокольский атындағы катализ және электрохимия институтымен (Алматы қаласы), консорциумдық келісім-шарт бойынша бірлесіп қызмет атқаруда. Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжрибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізуде.
    Университет құрамында 4 факультет және 11 кафедра жұмыс жасайды. Университетте оқу процесі кредиттік технология жүйесі негізінде жүргізіледі. Студенттерге дәріс беретін педагог-ғалымдардың қатарында 11 ғылым докторы мен профессорлар, 109 ғылым кандидаттары мен доценттер, 146 магистрлер және оқытушылар қызмет атқарады. Университетімізде арнайы жабдықталған компьютерлік кластардағы барлық компьютерлер толығымен интернет желісіне қосылған. Бұл интернет желісі студенттерге әлемдегі білім мен ғылымдағы жаңалықтарды оқу-танысуға жол сілтейтін маңызды ақпар көзі болып саналады. Сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін студенттерге жете меңгерту мақсатында университетте лингофондық кабинет жұмыс жасап келеді. Заман талабы-әрбір адамзат баласының өз құқығын дұрыс білуден басталатыны анық құбылыс, осы мақсатта университетте криминалистика кабинеттері, білімді тәжірибиемен ұштастыру мақсатында биология, химия, информатика, физика және психология зертханалары, тігін және ағаш өңдеу шеберханалары жұмыс жасайды.
    Оқу орданың 3 ғимараты бар, оларда студенттік жатақхана, дәрігерлік пункт, 2 асхана, спорт және 2 акт залы орналасқан.
    Универститетіміздің түлектері еліміздің түкпір-түкпірлерінде өз салалары бойынша жемісті қызмет атқаруда. Атап айтқанда, облыс және қалалық әкімшіліктерде, ұлттық қауіпсіздік және салық комитеттерінде, ішкі істер басқармасында, қаржы саласында, компаниялар мен жеке фирмаларда, сонымен қатар орта арнайы, және жоғары оқу орындарында аянбай еңбек етіп жүр. Университетіміз «Экономика» мамандығы бойынша магистрлер даярлайды.
Халықаралық гуманитарлық- техникалық университеті магистратура, бакалаврлар даярлау бойынша ХГТУ-дің бәскеге қабілеттілігі оның бай, үнемі жаңартылып отыратын материалдық-техникалық базасымен, оқу және тәрбие процестеріне ақпараттық-техникалық инновацияларды енгізу саласындағы уақыттан оза отырып дамуға бағдарланушылықпен айқындалады.
   Білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық байланыстардың болуы, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану, сапалы мамандар даярлауға ықпал ететін факторлардың бірі болып саналады. Университет алыс және жақын шетелдердің (Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Германия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Болгария) 20 жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен және де ғылыми-зерттеу институттарымен екі-жақты  құрылған келісім-шарттар мен меморандумдар аясында тығыз қарым-қатынаста  жұмыстар орындалуда.Шетелдік университеттермен ынтымақтасу бағдарламары, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және біліктілікті жоғарылату, студенттік мобильділікті дамыту аясында жүзеге асырылуда.Университет 2014 жылдың 12 желтоқсаннан бастап университет Қазақстан Республикасы және Белорус Республикасының жоғарғы оқу орындары және ғылыми зерттеу институттары арасындағы ғылыми-зерттеу және білім беру консорциумына мүше.