Студенттердің іс-тәжірибесі

Педагогикалық іс-тәжірибе ұйымдастыру:

Іс-тәжірибе студенттің болашақ мамандығы қажет ететін қазыргі заманға сай әдістемелік және техникалық бағамен жабдықталған жайлы орта мектептерде немесе мектеп ғимараттарда өтеді. Ол мекемелерден алдын-ала екі жақты келісім шарт түзеді. Педагогикалық іс-тәжірибесін оқу үдерісінен қол үзіп, оқу жоспарына сай ұйымдастырады.

Іс-тәжірибе басталар алдында конференция ұйымдастырылады. Конференцияда іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, студенттің іс-тәжірибе барысында орындайтын іс-әрекеттері, жұмыстары, әдіскер оқытушымен жетекшілердің міндеттері айтылады.

Студенттерге тапсырмалар беріледі. Оны орындау барысында студент берілген тақырыпқа сай әдебитермен жұмыс жасайды.

         Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде мұғалімдерге, мектептің ұжымына университет тарапынан шығармашылық сипатындағы көмек көрсетіледі. Бұл іс-тәжірибе ең алдымен оқу мақсаттары мен кәсіби даярлықтың міндеттерін көздейді. Педагогикалық іс-тәжірибе әр курста студент практиканттарға әр түрлі міндеттер кояды, құрылымы мен мазмұны жағынан да әр курста әр түрлі болады.

         Педагогикалық іс-тәжірибе – бұл бүтін бір удеріс, мұнда студенттің психологиялық, педагогикалық және әдістемелік бағыттағы жеке қасиеттері қалыптасады.

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаттары:

  • студенттің университетте алған теориялық және әдістемелік білімдерін бекіту;
  • оқушылармен оқу – тәжірибе жұмыстарын жүргізуге үйрету;
  • оқушымен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты бақылап сараптама жасау;
  • кәсіби шеберлікті зерделеу, үйрену;
  • оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытатындай сабақ жүргізудің түрлі әдістерін қолданып сабақ өткізу;
  • заманауи оқу- тәжірибе жұмыстарын және алдынғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдердің еңбектерімен танысу;
  • білім беру, тәрбиелеу жұмыстарын орындау.

 

 

Іс-тәжірибе барысында қалыптасуы тиіс пәндік құзіреттіліктер:

  1. Математикалық ұғымдарды анықтаудың, матетатикалық тұжырымдамалардың (аксиома, теорема), ережелер, алгоритмдер, мәтінді математикалық есептерді логика-математикалық талдау біліктілігі.
  2. Математикалық есептерді шығару мен математикалық тұжырымдамаларды дәлелдеу жолын іздестіру біліктілігі.
  3. Математикалық ұғымдарды оқуға, теоремаларды дәлелдеуге, ережелерді қалыптастыруға, немесе алгоритмдерді құруға қажетті есептерді талдай білу.
  4. Қарапайм оқу құрал жабдықтарын жасай білу.
  5. Анықтамалармен, кестелермен және басқа материалдармен жұмыс істей алу және ондай жұмысқа оқушыларды үйрету.
  6. Нақтылы бір мәселені (теория, есеп, оқулықтың бір пункті) оқиға қажетті әдебиеттермен жұмыс істей білу.
  7. Қандайда бір білімдерді (ұғым, теорема, ереже т.б.) игеруін жаппай тексеруге арналған сұрақтар жүйесін құра білу.
  8. Математикалық немесе жалпы оқу біліктілігін тексеруге бағытталған өз бетінше жұмыс тапсырмаларын құру.
  9. Оқушылардың нақтылы білім, біліктілік және дағдысын тексеру үшін бақылау жұмысының тапсырмаларын құра алу.
  10. Жазбаша бақылау жұмысын тексеру, оны бағалау және талдау жасау.
  11. Есептің шығарылуын теоремалардың дәлелдемесін ережелредің қорытылуын тақтада дұрыс өрнектей алу.

Педагогикалық іс-тәжірибе базалары:

№50  А.Байтұрсынов атындағы мектеп – гимназия;

№64  Ж.Аймаутов атындағы мектеп – гимназия;