Оқу әдістемелік жұмыстар

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары

         5В060200 – Информатика  және 5В010900 – Математика  мамандықтар бойынша оқу процесін ұйымдастыру келесі нормативті құжаттамаларға сәйкес жүзеге асады: - Қазақстан Республикасының заң актілері; - МЖБС (мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты); - Мамандықтың біліктілік сипаттамасы; - Типтік оқу жоспарлары; - Типтік оқу бағдарламалары. Барлық оқу пәндері оқу әдістемелік кешенмен қамтылған. Жоспарға сәйкес әдістемелік семинарлар жүргізіледі, онда инновациялық сипаттағы мәселелер қарастырылады. Оқу-әдістемелік материалдарды даярлау (оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар) университеттің кеңесінде бекітілген кафедраның оқу-әдістемелік басылымдарды жоспарлаудың ағымдағы және алдағы жоспары бойынша жүргізіледі. Әдістемелік семинардың жұмысы ПОҚ-ның оқу-әдістемелік жұмыс сапасын арттыруға және әдістемелік дайындық деңгейін жоғарылатуға бағытталған. Бұған кафедрада өтілетін жаңа оқу құралдары, білімді бақылау проблемалары, кредиттік оқыту жүйесінің оқыту мүмкіндіктері т.б. мәселелер талқыланатын мәжілістер көмектеседі. Кафедраның әдістемелік бірлестігі шеңберінде «Инновациялық оқыту» секциясы жұмыс жасайды, оның мәжілістерінде пәндердің әдістемелік қамтылу мәселесі талқыланады, қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов мырза мен ХГТУ «Информатика және математика» кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент А.А.Юнусов

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов мырза мен ХГТУ «Информатика және математика» кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент А.А.Юнусов


Университет ректоры профессор Қорорғанбаев Б.Н және «Информатика және математика»кафедрасының
МТ-212 тобының студенттері кафедра оқытушылармен.

Студенттердің педагогикалык практикасының қорытынды конференциясы

Мекен-жайы: Шымкент қ. Байтұрсынов көш.,80
бас ғимараты ХГТУ, 3-қабат, 312 каб
Телефон: 8(7252) 37-12-87 (116)