Ректор блогы

Құрметті студент!

   Халықаралық гуманитарлық- техникалық университетіне оқуға түсу арқылы дұрыстаңдау жасадың. Біздің университет Шымкент өңіріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл аумағында лайықты беделге ие.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті 1998 жылдың сәуір айының 4 жұлдызынан Оңтүстік Қазақстан университеті, 2003 жылдың шілде айының 8 жұлдызынан Оңтүстік Қазақстан университеті, 2003 жылдың тамыз айының 22 жұлдызынан Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті аталып, үздіксіз жұмыс жасап келеді. Университетіміздің негізін қалаған Қазақстанға және шетел мемлекеттеріне танымал ғалымдар, атап айтқанда академик М.Ж.Жұрынов және т.б. болды.

Халықаралық гуманитарлық –техникалық университеті маман даярлауда халықарлық деңгейдегі әлемдік озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқу үрдісінде кеңінен насихаттайтын қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі.

Университетіміз 2014 жылдың желтоқсан айында өткен Мемлекеттік аттестаттау комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сараптауы негізінде 2014 жылы желтоқсан айының 18-ші жұлдызында №1455 бұйрығымен аттестаттаудан нәтижелі өтті.

Жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті Мәскеу мемлекеттік ашық университетімен (Ресей Федерациясы), (Беларусия), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен және Д.Сокольский атындағы катализ және электрохимия институтымен (Алматы қаласы), консорциумдық келісім-шарт бойынша бірлесіп қызмет атқаруда. Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжрибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізуде.