Тәрбие жұмыстары

2017 жылдың 18 қазан  күні «Экономика» кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары бойынша   Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына  “Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік „ атты  Жолдаудың  негізгі ережелерін талқылау бойынша студенттер мен профессор-оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін және жолдаудың бес басымдығы- экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты әр тармақтарды талдап-талқылап маңыздылығы  түсіндірілді. ЭК-117 тобының студенті Ермахан Шолпан Жолдаудағы екінші басымдылық - «бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуді» назарға алып «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары» атты тақырыбында баяндама оқыды. Онда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті аймақтық дамыту, ең алдымен, өндірістік секторды көтеруге, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының неғұрлым көп санын құруға, әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін шешуге ықпалын тигізетінін атап өтті. Студенттер сұрақ қойды, өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.

«Экономика» кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары бойынша  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты байқауда ЭК-116 тобының студенттері Әмірқұлов Бақытжан, Жұмаханов Мағжан қатысып өз өнерлерін көрсетті.

Студенттердің студенттікке қабылдау «Тұсау кесер кеші» атты іс-шараға Экономика мамандығының 1,2,3-курс студенттері белсенді қатысты. Осы мерекелік кеште белсенді студенттерді марапаттап, алғыс хат берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Дені сау ұлт-Тәуелсіздік тірегі» бұқаралық жүгіру марафонына 1 курс студенттері қатысты.

«Мықты мамандар.Жарқын болашақ» ,«ОҚО аймағында кәсіпкерліктің дамуы және жүзеге асыру жолдары» атты тақырыбында топ студенттерінің пікірін ортаға салынып, қызу талқыланды.

Студент жастардың рухани байлығын арттыру мақсатында ЭКСПО-2017 «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» атты тақырыбында кафедрадағы Экономист үйірме мүшелерінің қатысуымен дөңгелек стол өткізілді.