Студенттердің іс-тәжірибесі

 «Педагогика және психология» кафедрасының  5В010200-«Бастауыш оқытдың педагогикасы мен әдістемесі» және 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша  студенттердің  іс-тәжірибесі  жалпы орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, психологиялық орталықтарда жүргізілуде. Іс тәжірибені өткізуде  көптеген қалалық мектептермен атап кетер болсақ, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп гимназиясымен, №18 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеппен, №50 мектеп гимназиясымен, №78 жалпы орта мектеппен, «Отырар» колледжі,  «Шымкент»  колледжі,  №48 жалпы орта мектеппен, №12 М.Тасов атындағы мектеп-интернатымен, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясымен, №79 жалпы орта мектеппен, № 51 жалпы орта мектеппен, № 83жалпы орта мектеппен, № 62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептермен және  арнайы мекемелермен келісім шартқа  тұрып, паспорттық базалар жасалды.

2016-2017 оқу жылында кафедра мамандықтар бойынша студенттердің іс- тәжірибесін шыңдау  мақсатында  білікті педагогтарды шақыра отырып,  тағы да  көптеген мектептермен,орталықтармен   келісім  - шартқа отыруда.