Тәрбие жұмыстары

Кафедрада  тәрбиелік іс-шараның мазмұны мына бағыттарда жүргізіледі:

1. Ұйымдастыру және жоспарлау.

2. Қоғамдық тәрбие.

3. Адамгершілік рухани және эстетикалық тәрбие.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

5. Экологиялық тәрбие.

6. Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие.

7. Құқықтық тәрбие.

8. Мамандыққа баулу бағыты.

     Кафедрада топ тәлімгерлері жыл басында бекітілген жоспарға сай жұмыс жасайды. Кафедраның аға тәлімгері Т.А.Қадырбаев.

   Кафедраға қарасты барлық топтарда тәлімгерлік сағаттар мен ашық тәрбие сағаттары  бекітілген  жоспарға сай жүргізіледі. Жоспар бойынша бекітілген тәрбие сағаттар тәлімгерлердің хаттамаларында талапқа сай  қарастырылған.

  Жыл бойына кафедра студенттерін талғампаздыққа, университет ішінде өзін – өзі ұстау, оқытушылар мен жақсы қарым – қатынас орнату, ішкі тәртіп ережелерін бұлжытпай орындау, студентке лайықты киіну қыздармен жеке әңгімелер ұйымдастыру мен өмірдегі бар жақсыларын үйрету жұмыстары жүргізіледі. . Сонымен қатар студенттерді қоғамдық мүлікке деген  дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылықпен еңбек ету, әр сенбі күні бөлінген ауланы тазалау, топқа берілген аудиторияны таза ұстауға дағдыландыру және т.б. студенттердің қоғамдық жерлерде мәдениеттілігін, тәртібін, адамгершілік қасиеттерін сақтап, жүріс – тұрыс, киім-киіс мәдениетін жоғарылату мақсатында тәрбиелік сағаттар өткізіледі. Сондай – ақ қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен қалалық  сенбіліктерден де қалмай, қала және облыс әкімдігінен келген сұраныстарына үнемі жауап беріп отырады.   Кафедраға қарасты 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі», 5В010300- « Педагогика және психология» мамандықтарының бағыттары бойынша жоспарланған мәдени, іс – шараларының күнтізбелі жоспары толығымен орындалып, орындалғандығы туралы белгілер хаттамалар арқылы тіркелген. Сонымен қатар кафедраның оқытушылар құрамы   әр оқу жылындағы студенттік жатаханада кезекшілік жұмыстарын жүргізуде. Кафедрада өткізілетін тәрбие жұмыстары жоғары  деңгейде өткізіледі.

 

«Педагогика және психология» кафедрасының тәрбиелік іс – шаралары.

БП-215,225 топтарының «Бақытым  да, байлығым да денсаулық!» - атты ашық тәрбие сағаты  деңгейде өткізіледі.

«Менің Қазағым» әні.

«Өкініш» атты эпизоттық көрнісінен үзінді

 

«Денсаулық зор байлық»- атты ойыны

«Спорт» биімен

БП,ПП -216  топтарының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» - атты ашық тәрбие сағаты

 

 

«Қайраттың соңғы хаты » - атты көріністен үзінді

 

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!» - атты ашық тәрбие сағаты