Оқу әдістемелік жұмыстар

2016-2017 оқу жылындағы 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300- «Педагогика және психология» мамандықтары  бойынша модульдік білім беру бағдарламалары жасалынған. Кафедрада 2 мамандық бойынша  күзгі семестрде 28 пән жүргізіледі. Осы өтілетін пәндер бойынша  оқу әдістемелік кешендер толық дайындалған. Барлық пәндер бойынша лекция кешендері, практикалық және ОБСӨЖ сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар даярланған. Кафедрада ашық сабақтарды өткізу кестесі, өзара сабақтардың кестесі, ОБСӨЖ кестесі жоспарланып, соның негізінде сабақтар өтіледі.  Сонымен қатар оқу әдістемелік семинардың жоспары жасалынып өз уақытысында өткізіліп отырады.