Ғылыми жұмыстар

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауында ғылым мен білімге өте үлкен мән берілген. Осы Жолдауды негізге ала отырып, кафедра профессор – оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. «Педагогика және психология» кафедрасының 2015-2016 оқу жылы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты: «Инновациялық даму жағдайында педагог-психолог мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері». Ғылыми – зерттеу жұмысының бағыты бойынша кафедра құрамындағы ғалым кандидаттар мен оқытушылардың еңбектерінің нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды және ҚР ЖАК басылымдарында жарияланды. Кафедра оқытушыларының ғылыми жұмыстарының бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізу мен оларды іске асыру мақсатында кафедра Нижегородтық мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Қырғыз Республикасының білім беру Академиясы, Қырғыз мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт Академияларымен, Манас атындағы ҚырғызТүрік университеті, М.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен, «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен, ОҚМПИ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы университетімен және т.б. жоғары оқу орындарымен келісім шарттарға отырып бірлесіп қызмет атқаруда. Кафедраның 1-2 курс студенттері академиялық ұтқырлық негізінде оқуын осы аталған оқу орындарында жалғастыруда.
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша ОҚО, Білім беру бағдарламасының «Облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен,«Экологиялық және психологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі әлеуметтік-инновациялық компаниямен» «Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен қарым-қатынасында туындайтын қиындықтарды шешудің педагогикалық-психологиялық мәселелері деген тақырыпта бюджеттен тыс қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралу келісімшарт түзіліп, біршама жұмыстар атқарылуда.
«Фундаментальды және қолданбалы өтілім-эксперименттік зерттеулер» бағдарламасы шеңберінде оқытушылар мен студенттер бірлесіп, аталған орталықтағы жүргізіліп жатқан психодиогностикалық және психокоррекциялық кешенді психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету жұмыстарының тиімділігін анықтайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде жеке тұлғаны оңалту бағдарламасын жетілдіруге көмектесетін оқулықтар, оқу құралдары педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыруға арналған құралдар даярланды. Оның айғағы ретінде  пс.ғ.к.,доцент м.а. М.М.Байбекова мен  Ж.Н. Жантасованың  «Психологиялық кеңес беру» ,«  п.ғ.к. З.Е.Сыдыкованың «Теоретико-методологические основы формирования экологической культуры младшего школьника в инновационной образовательной среде» атты монографиясы, кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Қ.О.Өтегеннің «Педагогика» оқу құралы,сонымен қатар мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында аудан аралық «Сарыағаш»газетінде «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» атты мақаласы, «Жастар дауысы» газетінде «Мамандық таңдауда қателеспеңіз» атты мақалалары жарияланды.Кафедраның аға оқытушысы.,п.ғ.к. З.Е.Сыдыкова мен кафедра меңгерушісі., п.ғ.к. Қ.О.Өтеген Омск қаласына барып, «Современные тенденции развития высшего образования» атты бағдарламасы бойынша 72 сағаттық көлемде кәсіби біліктілігін арттырып, нәтижесінде сертификат алды. Сонымен қатар Социально – инновационная компания по проблемам экологической и психологической безопасности «Социенко» бойынша «Формирование акмеологического сознания у преподавателей ВУЗа» атты семинар-тренингке қатысып,72 сағаттық көлемде кәсіби біліктілігін арттырып, нәтижесінде сертификат алды. Кафедраның аға оқытушысы.,факультет деканы З.Е.Сыдыкова мен кафедра меңгерушісі Қ.О.Өтегенге БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ тарапынан «Жоғары оқу орындарын сыртқы бағалау (аудит) рәсімі және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау» тақырыбында оқытудан өткендігі үшін Ұлттық сарапшының сертификаты 3 жылдық мерзіммен берілді. Кафедра доценті С.C. Қожагелдиеваның «Педагогикалық қарым – қатынас» оқу құралы, доцент А.К.Ахметованың «Психология тарихы» оқу құралы жарыққа шықты.
2014 жылы ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters, USA) Халықаралық ақпараттар көзіне кіретін «Life Science Journal» (ISSN: 1097-8135) ғылыми журналына Bugibayeva Zh.B., Omarova A.K., Sydykova Z.E., Kenan K., Bogatova T.A., Bogatova L.A., // Word – information in Kazakh toponyms// мақаласы жарық көрді. «Life Science Journal» (Peoples R China) Impact Factor_2012: 0,165 (Journal Citation Reports, Thomson Reuters). (29.05.2014 жылы анықтама алынды).

2014 жылы ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters, USA) Халықаралық ақпараттар көзіне кіретін «Life Science Journal» (ISSN: 1097-8135) ғылыми журналына Өтеген Қадиша Оралқызының // Experience of Educational Programs Application in a Context of Schoolchilren s Health Development// мақаласы жарық көрді. «Life Science Journal» (Peoples R China) Impact Factor_2012: 0,165 (Journal Citation Reports, Thomson Reuters). (28.04.2014 жылы анықтама алынды).
2014 жылы ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters, USA) Халықаралық ақпараттар көзіне кіретін «Life Science Journal» (ISSN: 1097-8135) ғылыми журналына Duysenova M.M., Bimaganbetova A.K., Moldabek K., Kenzhebekova R.I.,// Concept of training by communicative method// мақаласы жарық көрді. «Life Science Journal» (Peoples R China) Impact Factor_2012: 0,165 (Journal Citation Reports, Thomson Reuters). (31.01.2014 жылы анықтама алынды).

2014 жылы ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters, USA) Халықаралық ақпараттар көзіне кіретін «Life Science Journal» (ISSN: 1097-8135) ғылыми журналына Musabekova G.T., Ismanova R.Zh, Kenzhebekova R.I, Daiyrbekov S.S., Myrzabek L.A., Rizayeva L.A // Development of future teachers’ pedagogical skill on the basis of professional-focused technology// мақаласы жарық көрді. «Life Science Journal» (Peoples R China) Impact Factor_2014,11(5):412-419 (Journal Citation Reports, Thomson Reuters).

2014 жылы ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters, USA) Халықаралық ақпараттар көзіне кіретін «Life Science Journal» (ISSN: 1097-8135) ғылыми журналына Mussabek Islamovich Akilbaev, Yessenbek Riskulovich Ushtenov, Rabiga Ibrahimovna Kenjebekova, Usmanali Musakulovich Ibragimov, Guljan Orazbekkizi Jetpisbaeva, Serik Sansizbaevich Dairbekov// Terms of primality of a number.New theorem 2 of prime number criteria// мақаласы жарық көрді. «Life Science Journal» (Peoples R China) Impact Factor_2014:11(6s):90-92 (Journal Citation Reports, Thomson Reuters).

2014 жылы ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters, USA) Халықаралық ақпараттар көзіне кіретін «Life Science Journal» (ISSN: 1097-8135) ғылыми журналына Mussabekova G.T., Moldabek Kulahmet, Dzhazdykbaeva M.B.,Halilaeva E.Zh., Shalabaeva Z.S., Otegen B.A., // Moral upbringing of junior schoolchildren in formation of educational activity// мақаласы жарық көрді. «Life Science Journal» (Peoples R China) Impact Factor_2014:11(6s):90-92 (Journal Citation Reports, Thomson Reuters).

Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы.,үздік жазушы,кафедраның доценті.,педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы.Бегманның «Оңтүстік Қазақстан» газетінде «Ұстаз бен ғалым беделі», «Мәңгілік болса екен тілім менің» атты ғылыми мақалалары, «Қазығұрт» танымдық журналында «Қарғыс» атты отбасылық ашық сабақ ретіндегі мақаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтындағы «Педагог құзіреттілігі» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналда «Абай жантанушы», «Еріктің дамуы мен оны тәрбиелеу» атты ғылыми мақалалары жарық көрді.
Кафедраның доценті Ысқақ Бегман «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аккредиттеу туралы куәлік алды.Бұл куәлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражат есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызметі конкурсына қатысу үшін беріледі.
Кафедрада «Жас педагог-психолог» атты студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді,үйірмені аға оқытушы Ж.С. Досмамбетова басқарады. Кафедрада «Жас педагог-психолог» үйірмесі жұмыс жасап, онда ғылыми конференцияға қатысатын белсенді студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасап, ортаға салып бірқатар кеңестер мен тәжірибелік көзқарастар туралы мәселелер қарастырылуда.

«Педагогика және психология» кафедрасының профессор оқытушы құрамы 2016 күнтізбелік оқу жылында ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты және облыстық, Республикалық ғылыми басылымдарға ғылыми мақалалар жарияланды. Кафедра оқытушылары мен қызметкерлерінің жарияланған жұмыстары туралы мәліметтер мен еңбектері кафедрада сақтаулы. Атап айтар болсақ, Университеттің Ғылыми бөлімінің ұйымдастырылуымен өткен ««Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда Қ.О.Өтеген, З.Е.Сыдыковалардың «педагогика», «психология» пәнін оқытуда студенттердің бойына рухани және ғылыми тұрғыдан білім нәрімен сусындатып, сондай-ақ оларды ғылымға баулу мәселелерін қарастырды.

п.ғ.к. Қ.О. Өтегеннің жетекшілігімен мынадай мақалалар жарық көрді:

- «Әл-Фараби мен Абайдың педагогикалық көзқарастарының сабақтастығы» атты тақырыбыпта  Б.Аширбекованың, «Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында А.Лесова, «Абайдың қара сөздеріндегі тәлімгерлік ойлар» тақырыбында Б. Жолдастың, «Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, «Творческое саморазвитие будущих педагогов профессионального обучения как фактор личностной самоактуализации», «Бәсекеге қабілетті маманның ұлттық және әлемдік кәсіби келбетін қалыптастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарық көрді,  п.ғ.к. З.Е.Сыдыкованың жетекшілігімен «Анализ труда Я.А.Коменского Великая дидактика» атты тақырыбында Т.Әбілда, «Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, магистр аға оқытушы Ж.Жантасованың жетекшілігімен «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшеліктері» атты тақырыпта Л. Ергеш, «Студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбында А. Сартбай, «Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді,  магистр оқытушы Д.Асқарқызының  «Шама және оны өлшеу ұғымын қалыптастыру үрдісін бастауыш сынып оқушыларының зерреушілік әрекетін дамытудың теориялық және педагогикалық негіздері» Қазақ елінің үздік ұстазы атты Республикалық журналда жарық көрді, «Творческое саморазвитие будущих педагогов профессионального обучения как фактор личностной самоактуализации», «Бәсекеге қабілетті маманның ұлттық және әлемдік кәсіби келбетін қалыптастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарық көрді, «Шама ұғымы және оның пайда болуы», «Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, магистр аға оқытушы Т.Қадырбаевтың «Мінезді тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері», «Білім беру жүйесін интеграциялау жағдайында бәсекеге қабілетті маман дайындау негізі», атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, «Оқушы бойына ұлттық патротизмді қалыптастыру жолдары» «Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, магистр оқытушы А.Нурмахамбетованың «12-жылдық білім берудің өзіндік ерекшеліктері», «Жас мамандарды педагогикалық шеберлікке баулу» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, магистр аға оқытушы С. Байзақованың «Творческое саморазвитие будущих педагогов профессионального обучения как фактор личностной самоактуализации», «Бәсекеге қабілетті маманның ұлттық және әлемдік кәсіби келбетін қалыптастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарық көрді, оқытушы Ш.Алиеваның «Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері», «Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылысіңіру», «Мінезді тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері», «Білім беру жүйесін интеграциялау жағдайында бәсекеге қабілетті маман дайындау негізі», атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында жарық көрді, «Мәңгілік болса екен тілім менің», «Тағзым жасамай өтпеңдер» атты еңбектері Қазақ әдебиеті газетінде жарық көрді.Сондай-ақ  Б.Ысқақтың «Танымдық жан қуаттарын дамытудың логикалық-методологиялық негіздері» атты монографиясы, А.Жумадуллаева, Қ.Өтеген, З.Сыдыкованың «Қазақ этнопсихологиясы» атты оқу-әдістемелік құралы, Б.Ысқақ, Қ.Өтеген, Д.Ысқақтың «Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстар», Б.Ысқақ «Мектепке дейінгі балалардың ес пен зейінін дамыту», С. С. Қожагелдиева, С. Бабаев, Қ.О. Өтегеннің «Педагогика (студентnің өзіндік жұмыс дәптері)» атты оқу әдістемелік құралы жарық көрді, А.К.Ахметованың «Психология тарихы» тты оқу құралы жарық көрді, Д.Кішібаеваның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру» атты еңбегі ғылыми-тәжірибелік конференцияда жарық көрді, «Педагогика тарихы» атты оқу құралы  жарық көрді, С.Қожагелдиеваның «Бастауыш сынып оқушыларын Абай шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» атты мақаласы Хабаршы журналында жарық көрді.

   «Қазақстан-ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияда «Педагогика және психология» кафедрасынан төмендегі көрсетілген студенттер өз мақалаларын баяндап жүлделі орындар мен сертификатқа ие болды.

БП-225 тобының студенті Аширбекова Б., ғылыми жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Өтеген Қ.О., БП-234 тобының студенті Әбілда Т., ғылыми жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Сыдыкова З.Е., БП-215 тобының студенті Ергеш Л., ғылыми жетекшісі магистр аға оқытушы Жантасова Ж.Н., ПП-216 тобының студенті Қуанышбекова А., ғылыми жетекшісі магистр оқытушы Асқарқызы Д., БП-223 тобының студенті Куралова Н., ғылыми жетекшісі оқытушы Алиева Ш.Т.,  БП-214 тобының студенті Қалмырза А., ғылыми жетекшісі магистр оқытушы Нурмахамбетова А.А., БП-225 тобының студенті Лесова А., ғылыми жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Өтеген Қ.О., БП-213 тобының студенті Жолдас Б., ғылыми жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Өтеген Қ.О., БП-234 тобының студенті Нұржан А., ғылыми жетекшісі магистр оқытушы Нурмахамбетова А.А., БП-234 тобының студенті Полатова Ш., ғылыми жетекшісі оқытушы Алиева Ш.Т., ПП-215 тобының студенті Сартбай А., ғылыми жетекшісі магистр аға оқытушы Жантасова Ж.Н., ПП-213 тобының студенті Салидинова А., ғылыми жетекшісі магистр аға оқытушы Қадырбаев Т.А.

  

   

Кафедра оқытушылары шығарған оқу құралдары.

 

 

       

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық құндылық -  ұлт болмысы» атты обылыстық шығарма байқауында Жолдас Бақтыгүл  ІІІ-орын

 

 

ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша жүлделі ІІ-орын Жолдас Бақтыгүл;Жетекшісі: Алиева Ш.Т

Кафедра оқытушылары«Кәсіби құзыреттілік жолы және функционалдық сауаттылық» атты ОҚО-тық мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ғылыми – әдістемелік   семинар барысында

 

http://hgtu.kz/sites/default/files/2-480x300.png

http://hgtu.kz/sites/default/files/31-480x286.png

http://hgtu.kz/sites/default/files/51-480x296.png http://hgtu.kz/sites/default/files/4-480x320.png

Оқытушылар  ғылыми конференцияда баяндама жасауда

 «Қазақстан – ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми – тәжірибелік студенттік конференциясы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Н.А Азбердиеваның «Балабақша тәрбиеленушілерінің тыңдалымы мен айтылымын қалыптастыру жолдары»  тақырыбында ОҚО-тық балабақша тәрбиешілеріне баяндама оқуда

 

Кафедраның п.ғ.к., аға оқытушысы З.Б. Қуанышбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытуда қолданылатын технологиялардың маңыздылығы» тақырыбында ОҚО-тық балабақша тәрбиешілеріне баяндама жасауда

 

Кафедраның доценті Б.Ысқақ «Балабақша тәрбиеленушілерінің зейіні мен ес процесін дамытуда инновациялық технологиялардың рөлі» тақырыбында ОҚО-тық балабақша тәрбиешілеріне баяндама оқу барысында

«Мектеп жасына дейіңгі балалардың таным процестерін дамытуда инновациялық технологиялардың рөлі» атты ОҚО-тық балабақша тәрбиешілеріне арналған ғылыми – әдістемелік семинар барысында