Кафедра жетістіктері

Жыл сайын университетте және басқа да Республикамыздағы ЖОО-дағы өтіп жатқан республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық, практикалық ұйымдастырылып жатқан конференцияларға оқытушы-профессорлар құрамы түгелімен қатысып, үлкен жетістіктерге жетуде. «Студенттер-қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы» атты студенттердің І ғылыми-практикалық  конференциясында және «Қазақстан-2050 бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты студенттердің ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мақалалары жарық көрді. Сонымен қатар студенттерде ұйымдастырылып жатқан аймақтық, республикалық, халықаралық  конференцияларға қатысып үлкен жетістіктермен оралды. Шабыт-2013, Шабыт-2014,Шабыт-2015,Шымкент-2016 Қыз аруы байқауларында  5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс студенті Қасымова Ақжарқын, Бегимбетова Айжан  бас жүлдені иеленді.

Сонымен қатар кафедра оқытушылары мен студенттер Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жолдау күші-қуатында» атты тақырыпта өткізілген - ҮІ Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысып, үлкен жетістіктермен оралды.

 2014-2015 оқу жылында 12 – 13 ақпанда Халықаралық гуманитарлық - техникалық университетінің 15 жылдығына арналған«Ғылым,білім және тәжірибенің үйлестірілуі» атты тақырыпта профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-практикалық конференциясы  өтті. .Конференцияға көршілес көптеген  елдерден  ғалымдар келіп қатысып, тың ғылыми жаңа идеялар мен білім жетістіктері ортаға салынды және ғылыми мақалалар  томдық жинақтарда  жарияланды.

 2014 –2015 оқу жылы 23 сәуірде «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты III  ғылыми -  тәжірибелік студенттік конференция болды, онда Қазақстанның түкпір- түкпірінен, шалғайдағы ауылдардан мектептегі  жас ғалымдар мен университетіміздің студент - жастары  белсене қатысты.  Конференцияның  барысында ғылыми баяндамалар тыңдалып, нәтижесінде үздік деп  танылған жас ғалымдар үздік орындарға ие болып, сертификаттар алып, алғыс хаттармен марапатталды.

2015 жылдың 11 қыркүйегінде Шымкент қаласы, «Түркістан» сарайында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара қазақ хандары жайлы көрініспен ашылып, қазақ хандығының құрылымы мен тарихы жайлы баяндалып, студенттер тарихымыз жайлы мол мәлімет алды,  нәтижесінде қазақ халқына деген патриоттық сезімдерінің артуына ықпал  етті.

2015 жылдың 23 қыркүйегінде Университет алаңында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі және ХГТУ-мен бірлесе отырып «Мен өз елімнің патриотымын!» атты акциясына қатысып, еліміздің жетістіктері мен алға қойылған мақсаттары жайлы баяндамалар тыңдап, патриоттық әнге флэщмоп билеумен аяқталды.

2015 жылдың 7 қазанында ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Жарқын болашақ - 2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақстанның өткені мен бүгіні» атты жас тарихшылардың облыстық форумына қатысты. Форум барысында еліміздің тарихы жайлы баяндамалар тыңдалып, студенттер өздеріне керекті тарих жайлы мәліметтер алып, болашаққа деген көзқарастары сенімді бола түсті. Алдағы уақытта жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында мұндай іс-шаралар болып тұруы зор ықпал ететіні анық.

2015 жылдың  2 желтоқсанында «100  ҚАДАМ: НҰРЛЫ БОЛАШАҚ  атты IV ғылыми – тәжірибелік студенттік конференциясы болды, онда  мектептегі жас ғалымдар мен «педагогика және психология», «бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарындағы  студент-жастар белсене қатысып, нәтижесінде сертификат алып, алғыс хаттармен  марапатталды. 2015 жылдың  2 желтоқсанында «100  ҚАДАМ: НҰРЛЫ БОЛАШАҚ  атты IV ғылыми – тәжірибелік студенттік конференгциясы болды, онда  мектептегі жас ғалымдар мен «педагогика және психология», «бастауыш оқытудың педагогикасмен әдістемесі» мамандықтарындағы  студент-жастар белсене қатысып, нәтижесінде сертификат алып, алғыс хаттармен  марапатталды.2016 жылдың 16 қарашасында   «Қазақстан - ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми тәжірибелік қонференциясы өтілді.

«Қазақстан – ХХІ ғасырдың бітімгері» ғылыми – тәжірибелік студенттік конференциясы

 

БП-216 топ студенті Бақытқызы Дияна «МИСС ХГТУ-2016» бас жүлде иегері.

 

«Кәсіби құзыреттілік жолы және функционалдық сауаттылық» семинары

    

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық құндылық -  ұлт болмысы» атты обылыстық шығарма байқауында Жолдас Бақтыгүл  ІІІ-орын

ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша жүлделі ІІ-орын Жолдас Бақтыгүл;Жетекшісі: Алиева Ш.Т

«Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1курс студенттері  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалының ғимаратында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы мен «Старт-ап Болашақ» жобасы жөнінде түсіндерме жұмыстарына қатысып, болашақтарына бағыт-бағдар алды, алдарына мақсат қойып, болашақта өз кәсіптеріне деген мақсаттарын жоспарлауға үлкен септігін тигізді.