Студенттердің іс-тәжірибесі

2016-2017 оқу жылында «Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасы бойынша 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету және  5В073200– «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша оқу іс-тәжірибесі, өндірістік іс-тәжірибе, диплом алдындағы өндірістік іс-тәжірибелері жоспарланған.

Іс-тәжірибенің ұйымдастырылуы және өткізілуі.

2016-2017 оқу жылында

1 курс ЕТ-216, ЕТ-226, СС-216 топ студенттері оқу іс-тәжірибесі бағдарламаға сай 05.06.2017-09.06.2017 жыл аралығында өтеді.

2 курс ЕТ-215, СС-215 топ студенттерінің оқу іс-тәжірибесі бағдарламаға сай 05.06.2017-16.06.2017 жыл аралығында өтеді.

3 курс ЕТ-214, СС-214 топ студенттерінің оқу  іс-тәжірибесі бағдарламаға сай 20.05.2017-23.06.2017 жыл аралығында өтеді

4 курс ЕТ-213, ЕТ-223, СС-213 топ студенттерінің диплом алдындағы өндірістік  іс-тәжірибесі бағдарламаға сай 16.01.2017–28.04.2017 жыл аралығында өтеді.

4 курс студенттері «Шымкент құс»АО, «Тіесс» ЖШС, «Алтишев Б.О.», «ARASAN organic», «Энергопоток»ЖШС, «Нармухамедов», «Ақсұнқар ИП, «ПИРКС» ЖШС, «HRH» ЖШС, №3 Шымкент қалалық емханасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынындарында диплом алдындағы өндірістік іс-тәжірибеде болады.

Тәжірибеге жалпы басшылық етуші -оқу бөлімі, оның ішінде тәжірибе меңгерушісі, деканат, курстың жетекшілері және тәжірибеге тікелей қадағалау жүргізуші - топ жетекшісі. 

Тәжірибе жалпы оқу танысу іс тәжірибеге мәжіліс жүргізуден басталады.

Студенттердің іс-тәжірибе кезінде толық құжаттармен  қамтамасыз етілуі «Есептеу  техникасы  және  стандарттау, сертификаттау» кафедрасы студенттерінің  іс-тәжірибе өту жөнінде келесі  құжаттар дайындалған:

1. Жоспарлар жасалынған:

- Іс-тәжірибеге дайындық және өтуі;

- Іс-тәжірибеге өтетін студенттерге семинар –инструктаж, кестелер дайындалған:

Студент-практиканттарға арналған кеңес беру кестесі;

- Іс-тәжірибе өтуді бақылау;

-Іс –тәжірибе өтетін студент-практиканттарға бұйрықтың жобасы және  жолдама жасалынған

Семинар –инструктажда  студент практиканттар іс- тәжірибе жөніндегі  төмендегі  оқу -әдістемелік материалдарды алынады.

  • Іс-тәжірибеге  жолдама;
  • Іс-тәжірибеге барғаны жөніндегі хабарлама;
  • Әдістемелік  нұсқаулар мен  бағдарламалар
  • Күнделік

Студент практиканттарға  жетекшілері іс-тәжірибенің қорытынды есебін қалай жазулары жөнінде  нақты  нұсқау берді. Іс-тәжірибе  базалық мекемелермен жасалаған  келісім шарттар бойынша өтеді.

    Базалық мекемлерде  студент практиканттарға өте  тәжірибелі мамандар  жетекшілік  етті және іс-тәжірибе қалай өтіп жатқаны  жөнінде  бақылаулар жүргізіліп тұрады.

Іс-тәжірибенің типтік және жұмыс бағдарламалары туралы

Кафедрадағымамандықтардың ЖМБ стандарттары негізінде білім және ғылым министрлігі дайындаған типтік бағдарламаларды басшылыққа алып ұйымдастырылды. Бірінші жарты жылдық бойынша іс-тәжірибеге жіберілген студенттер қажетті құжаттармен толық қамтамасыз етілді,жұмыс бағдарламалары мен силлабустар дайындалды.

 

Іс-тәжірибенің қорытындысы және бағалау әдістері туралы.

Іс-тәжірибелер соңында студенттер ережеге сай берілген тапсырмалары бойынша есеп береді, оны кафедраларда құрылған комиссия құрамы қабылдап, бағалап деканаттан берілген ведомосттерге енгізді.

Іс-тәжірибеде жүргізген жұмыстарының және жинаған мағлұматтарының қорытындысын студенттер  арнайы жасалған кітапшаларға жазып кафедраға өткізді.

Кәсіпорынның және оның бөлімдерінің құрылымдарымен, кәсіпорында еңбекті басқару және ұйымдастыру принциптерімен танысу, ақпаратты өңдеу үшін кәсіпорындарда қолданылатын ақпараттық технологияларды терең практикалық оқып үйрену, кәсіпорынның есептеу орталығында программалық қамтамасыздандыруды жобалау және дайындау әдістерін үйрену, менгеру шеберлігін арттыру максатында жүргізіледі.

Студенттер  университет  тарапынан жасалған келісім-шарт негізінде мекемелерге жіберіледі. Қорытынды конференциясында өндірістік  (диплом алды) іс-тәжірибе барысында студенттер білім мен дағды алған және істелген жұмыстар туралы жазбаларды, өзінің технологиялық процесті үйрену нәтижесі мен бақылауын, қорытынды мен ұсыныстары жөнінде айтады. Өндірістік іс-тәжірибе бойынша әрбір студент жеке-жеке өз есептерін береді.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

2017 жылдың 01 наурыз күні «сарапшы- техник» үйірмесі бойынша

«ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ» атты үйірменің тәжірибелік отырысы.

 

«Жаратылыстану-техникалық» факультетінің «Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Абишова Гулчехра 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының ІІ,ІІІ курс студенттеріне дербес компьютердің ішкі құрылғыларын, жүйелік блокты  жинауды үйретуде.

Кафедраның магистр, аға оқытушысы Абишова Гулчехра  КТТО –ның  инженер-программисті Абдуллаев Шынболат Амангелдіұлы мен бірлесе отырып, процессордың ішкі құрылғыларын таныстыруда.

ЕТ-214тобы мен  ЕТ-215 тобының студенттеріне үйретуде

Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk)-қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы. Дербес компьютердің сыртқы жады болып табылады. Атау винчестерді жасаған Винчестер қаласындағы IBM фирмасы филиалының шарт белгісінен туындайды.

Винчестердің  қандай, кайда,  калай орналасуын таныстыруда

Үйірме сабағын жүргізген магистр, аға оқытушы Абишова Г.Б. мен КТТО-ның  инженер-программисті Абдуллаев Ш.А.