Тәрбие жұмыстары

«Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедраның тәрбие жұмыстың негізгі бағыттары мен формалары

 

Кафедрада тәрбие беру мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мынадай бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

  • тәрбие жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау;
  • қоғамдық тәрбие;
  • рухани –адамгершілік және патриоттық тәрбие;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шаралары;
  • экологиялық тәрбие;
  • ұлттық рухани және патриоттық тәрбие;
  • құқықтық тәрбие;
  • студенттерді мамандыққа баулу бағыты;
  • кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу іс-шаралары.

Барлық осы бағыттар тығыз өзара байланысты,  бірін-бірі толықтырады және негіздейді. Жүйелі әдістеріне сәйкес кафедраның тәрбие жұмысы оқу және оқудан тыс қызметтері бірлікте жүзеге асырылады,.

Оқу процесінде тәрбиелеу және дамыту міндеттерін анықтау, кәсіптік білім беру мақсаттарын, міндеттерін және мазмұнын контекстінде жүзеге асырылады. Жоғары кәсіби білім кредиттік технологияға ауысуына байланысты, кафедра әр түрлі аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс түрлерін пайдалануды қарастырады. Кафедраның оқу процесінде мынадай активті тәрбиелеу және дамыту формалары кеңінен пайдалануда: мысалы іскерлік, рөлдік, зияткерлік ойындар, брейн-рингтер, пікірталас алаңдары, ашық трибуналар, конкурстар, викториналар, тренингтер, олимпиадалар, презентациялар, дөңгелек үстелдер. Студентердің шығармашылық, өзектік және әлеуметтік жобаларын қорғау және әзірлеу практикасы кеңейді.

Кафедрада оқудан тыс тәрбие қызметін нақты оқу пәндерін жұргізетін профессорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, мысалы: тақырыптық кештер, байқаулар, қараулар мен талқылаулар тиісті кино және видео фильмдер, студенттердің ғылыми-зерттеу және пәндік үйірмеге, конференцияларға, ғылыми оқуларға, кездесулерге қатысу, практикалық қызметкерлермен кездесу, мастер-класстар қатысу және т. б.

Кафедрада оқудан тыс тәрбие жұмыстары барлық ПОҚ арқылы жүргізіледі, студенттердің шығармашылық үйірме "Сарапшы және техник", оған қоса ХГТУ-нің дәстүрлі іс-шаралар мен кездесулер, сондай-ақ халықаралық, республикалық, аймақтық және жоғары оқу орны бар атаулы күндерге және оқиғаларға арналған іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Кафедрадағы тәрбие бағытындағы жүргізілетін іс-шаралар келесі түрге бөлінеді:

  • бұқаралық іс-шаралар (жалпы университеттік және факультеттік іс-шаралар, кештер, концерттер, тақырыптық айлықтар, онкүндіктер, денсаулық Күндері, құқықтық білім Күндері, кәсіптік Күндері, фестивальдар, байқаулар, спорттық жарыстар, ойындар, кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, республикалық, аймақтық, қалалық іс-шараларға және акцияларға және т.б.);
  • топтық іс-шаралар (студенттік академиялық топтарда ұжымдық шығармашылық ісі, кураторлық сағаттар, үйірме отырысы, экскурсия, кәсіпорындарды, кооперативтік ұйымдарды, мәдениет, спорт мекемелерді аралау және т.б.);
  • жеке, тұлғалық-бағдарланған іс-шаралар (жеке әңгімелесулер, кенестер, психологиялық тренингтер, әңгімелесу, кездесу, дарынды студенттермен және "тәуекел тобы" студенттермен жеке жұмыс және т.б.).

Кафедра студенттердің болашақ маман ретінде тәрбиелеуге өз мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады, бұл мұндай аспектіде көрінеді:

  • студенттердің ғылыми бейімділігін және кәсіби мүдделерін зерттеу және анықтау, одан басқа оларды ғылыми және бейіні бойынша арнайы пәндерге арналған үйірмелермен бірлестіктерге тарту;
  • студенттерді ғылымға қатыстыру, СҒЗЖ-ға арналған конкурстарды өткізу және студенттерді шаруашылық-шарттық жұмыстарды орындауға баулу;
  • рейтингтік бағалау жүйесін оқу-танымдық іс-әрекетін пайдалану, олардың мүдделерін және қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау,;
  • кәсібіне сәйкес алынатын ғылым мен тәжірибенің даму перспективалары туралы шолу дәрістерінің ұйымдастыру және т.б.

Студенттер кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысады. Соған байланысты студентердің «Сарапшы және техник» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, оның қызметі тұралы нәтижелері жыл сайын студенттік конференцияларға қойылады. Біздің мамандықтар білім алушы кез-келген студент үйірменің мүшесі бола алады. Бұл ретте студенттердің басқармасы өздері қарым-қатынас жүргізіледі.

Кафедрада студенттерді рухани, патриоттық және азаматтық тәрбиеге ерекше маңыздылығы және көңілі беріледі, бұл кафедраның тәрбие жұмысы жоспарында көрсетіліп және студенттердің нақты іс-әрекет түрлерінде ұсынылды, оның ішінде:

  • студенттердің рухани-адамгершілік және патриоттық қозғалысында қатысуы: «Имандылық өз жүрегінде», «Діни экстремизм және олармен күрес», «Қазахстан-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» және т.б.;
  • студенттердің ұлттық-рухани және патриоттық қозғалысында қатысуы: «Бүгінгі студент-ертенгі елдің тірегі», «Тұңғыш Президент», «Желтоқсан жаңғырығы», «Наурыз», «Республика күні», «Қала күні» және т.б.;
  • студенттердің экологиялық қызметіне қатысу: «Жасыл Жер», «Жасыл Ел» және т.б.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларға қатысу: «Жастар нашақорлыққа қарсы», «СПИД-ауруларын алдын алу», «Дені саудың тәні сау» және т.б.;
  • Студенттердің құқықтық тәрбиесі бойынша іс-шараларға қатысу: «Конституция күні», «Білім күні», «Сенің құқығың», «тәртіп бұзушылықты болдырмау» және т.б.

Көрсетілген қызмет түрлері мен жұмыс нысандарын қалыптастыру үшін кафедра дәстүрінің негізі болды: мерекелік іс-шараларды, конкурстарды, байқауларды өткізу, қайырымдылық қызметтерді ұйымдастыру (жетім балалар үйіне, ардагерлерге көмек көрсету); фестивальдарді, көрмелерді, спорттық мерекелерді ұйымдастыру және т.б.

Жатақханадағы тәрбие жұмысы – барлық профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің өздері ерекше қамқорлық заты болып есептеледі.
Жатақханадағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі – студенттік активке негізделіп, студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру. Жатақханадағы тәрбие жұмысының бағдарламасы мәдениеттануды түсіндіруды, еңбекті ұйымдастыру бойынша өз-өзіне қызмет көрсетуды, студенттердің денсаулығын сақтауды және әлеуметтігін қорғауды қамтиды.

Студенттердің жатақханасында активпен оқытушылардың ерекше назарында бірінші курс студенттеріне профилактикалық жұмыстарды жұргізу мәселелері, оларды университеттегі оқыту жағдайларына және өмір түсіру мәселелерін, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық пен АҚТҚ-жұқпасының бейімделу болып тұр. Бұл мәселелер жатақхананың және студентердің топтарының  түсіндіру және ақылдасу бағдарламаларына кіргізілген.

Кафедра меңгерушісі студенттерді тәрбиелеу саласында ұйымдастырушылық-басқару қызметіне үлкен көңіл бөледі. Кафедрада тәрбие жұмысына жауапты аға тәлімгер лауазымы еңгізілді және студенттік өзін-өзі басқару жұмыс істейді.

Басқару құрылымын мұндай функцияларды ретінде орындайды: 

  • барлық оқыту кезеңінде тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеу және бекіту;
  • кафедра тәрбие жұмысы жоспарын асыру бойынша ПОҚ қызметін ұйымдастыру (кадрларды іріктеу, материалдық-техникалық базаны құру үшін тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастыру және т.б.). 
  • қоғамдық қозғалыстар жұмысын ұйымдастыру, студенттерді тәрбиелеуді ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру сұрақтары тұрақты түрде кафедра мәжілісінде қаралады және талқыланады. Профессор-оқытушылар құрамынан бір топ тәлімгерлері кафедрада жұмыс істейді. Тәлімгер студенттер мен жұмыс жүргізу кезінде ұжым құруға бағдарланады,  осы кезде әрбір топ мүшесі тән өзара түсіністік, талап қоя білу мен құрмет көрсету, тұлғалық дамуын ынталандыруды талап етеді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезде студенттердің қызметін ынталандыру мәселеліріне ерекше көңіл бөлінеді, оның нәтижелерін бағалауды, бұл көтермелеулер мен марапаттауларды білдіреді. Мысалы, «Тұңғыш Президенті» және спорт жарытарына қатысқан үшін студенттер мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар ақшалай көтермелеу көрсетілді.  

Студенттердің тәрбие жұмысын жай-күйі туралы сауалнамалар куәландырады. Оқу-тәрбие үдерісінде студентердің ұстанымдарын зерттеу жұмыстары жүргізіледі, оған қарай кафедрада және университетте кездесетін қыйндықтар мен мәселелерді талдау жұргізіледі. Бұл тәрбие процесінде студентерге әр көмек көрсетуді және қайта байланыс жасауға көмектеседі, сонымен жаңа мақсаттарды және міндеттерді тұғызады.

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР.

 «Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасы ұйымдастырған «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында жетімдер үйіне бару, «Жастардың 20 мейірімді істері» атты Балалар үйіне және қарттар үйіне мейірімділік іс-шараларын өткізу мақсатында топ тәлімгерімен студенттері қарттар үйіне барып концерттік бағдарламалар өткізді.

Мамандандырылған бөбектер үйінің балаларына киым-кешек, жеміс –жидек, ойыншықтар апарып, балалармен әңгімелесіп далада ойын ойнатып көңілдерін шаттыққа толдырып қайттық.

Бөбектер үйінің ғимараты

Бөбектер үйінің балаларымен бірге топ студенттері

«ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ»   атты семинар өтті.

Нашақорлық – бүкіл адамзат баласы үшін аса үрейлі мәселелердің бірі. Қаншама ұрпақтың өмірін жалмаған осынау аждаhамен  күрес күн санап күшейтілсе де, дес бермей отыр. Ең бір сорақысы есірткіге елітіп, есінен айырылғандардың көбісі жастар мен жасөспірімдер.      

Қазіргі уақытта жастардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын  дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу – қоғамның басты мақсаты   болып табылады.

ХГТУ –нің ректоры,   т.ғ.д., профессор  Қорғанбаев Бауыржан Ноғайбайұлы алғы сөз сөйледі.

Облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері, м.ғ.к.,  Әлменов Серғазы Түймебайұлы  дәріс оқыды.

8 НАУРЫЗ КЫЗ КЕЛІНШЕКТЕР МЕРЕКЕСІ

Университет ер азаматтары мерекелік кеш ұйымдастырып, сый-сияпат және алғыс хатпен марапаттады.

Кафедраның магистр, аға оқытушысы  Г.Б. Абишова марапатталды.

ХГТУ –нің ректоры,   т.ғ.д., профессор  Қорғанбаев Бауыржан Ноғайбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, сый-сияпатымен алғыс хатын табыс етті.