Оқыту-әдістемелік жұмыстар

.Оқыту-әдістемелік жұмыстар

ҚР Мем СТ талаптарына сәйкес 2008 жылы бекіткен 7.09.020 – бойынша 6М050600 -«Экономика» мамандығы бекітіліп, ЖОО-нан кейінгі «Магистратура» мамандығын даярлау негізделді. 2015-2016 оқыту жұмыс жоспары құрылды. Ол типтік жоспар бойынша және ҚР МемСТ талаптарына сәйкес іске асырылады,
2015-2016 жж. Арналған Оқыту жұмыс бағдарламасы ОЖБ ҚР МЕм Ст талаптарына сәйкес 2011 бекітілген ереже бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар ҚР ҒБМ 20.04.2011 жылы бекіткен № 152 бұйрық бойынша “Оқу іс-әрекетін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру”, 2013 жылға арналған оқу жұмыс жоспары құру, жылдық дәріс жоспарын құру, сол сияқты ректордың кеңесі шешімі негізінде (30.08.2013 ж бекітілген № 1 хаттама) негізінде іске асыру.
Барлық дәрістер міндетті түрде сала бойынша біріктіріліп, арнайы мамандықтарды типтік оқу бағдарламасы бойынша жүргізу, яғни Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ негізіне сүйене отырып іске асыру.

4. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны оның жеке жоспарымен іске асырылады: ол магистранттың диссертациясындағы тақырыпқа негізделген ғылыми-зерттеу жұмысын іске асырады.
Университеттегі магистранттардың барлығын тәжірибеден өткізу үшін, оларды академиялық оқу графигіндегі күнтізбелік жоспар бойынша Негізгі педагогикалық практикаларды Шымкент қаласындағы барлық жоғары оқу орындарында іске асырады (Казақ инженерлік – педогогикалық Халықтар Достығы университеті, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, “Мирас” Университеті, Шымкент Университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетімен) бірігіп қорытынды келісім-шарт түзеді.