Тәрбие жұмыстары

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы кафедра ұжымы отаншыл, ұлтжанды әрі дені сау ұлт қалыптастыруды мақсат еткен мемлекет саясатының аясында «Саламатты өмір салты – жарқын өмір кепілі» атты ұранды басшылыққа алады. 

Бітіруші курс студенттерімен

Қала және университет деңгейінде ұйымдастырылатын сенбіліктер мен «жасыл ел»  студенттік құрылыстар жасақтарына белсене қатысып, мадақталуда. Кафедра студенттері арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейбол және баскетбол үйірмелері жемісті жұмыс атқаруда

Академиялық топтың кураторы туралы ереже қабылданып, кураторлар ережемен таныстырылған. Кафедрада  ғылыми үйірме жұмыс істейді. Үйірменің ғылыми жетекшісі магистр,оқытушы Сапахов Д. Үйірме мүшелері Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге байланысты талапкерлер жəне жатақханада тұратын білімгерлер арасында «Білімгерлердің бос уақытын пайдалануы» тақырыбында жəне т.б. тақырыптарда психологиялық зерттеу, сауалнама жүргізіп отырады. Кафедрамызда сонымен қатар «Куратор мектебі» бағдарламасын ұйымдастырып, курстың уақтылы өтуін сонымен қатар тыңдаушылардың түгел қатысып сертификаттарын алуын кафедрадағы курсқа жауапты оқытушылар қамтамасыз етеді. Кафедра оқытушылары Қазақстанның Даму стратегиясы мен ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жəне жүзеге асыру туралы дəрістер; Діни экстремизм мəселелеріне арналған сұхбаттар, пікірталастар өткізеді. Кафедра оқытушылары нашақорлық жəне оларды алдын алуға арналған іс – шаралар өткізіп, салауатты өмір сүру салтын насихаттайды.

аға оқытушы Қуандықов С. студенттермен  ҚР  Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауда

аға оқытушы, Ауған соғысының ардагері  Қ.Қалмұрзаев студенттер алдында

Сонымен қатар, білімгерлерге мəдениет қайраткерлерімен, саясаткерлермен, интернационалист - жауынгерлермен, ҰОС жəне еңбек ардагерлерімен, құқық қорғау, діни жəне денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізіп; мұражай, театр, тарихи өлкетану жерлеріне саяхат ұйымдастырылады. Білімгерлер қарттар үйінде концерт ұйымдастырып, балалар жəне сəбилер үйіне қайырымдылық акциялар өткізеді. Сондай-ақ шығыстық Жаңа жыл «Наурыз» жəне мерекесі жоғары дəрежеде аталып өтіледі. Мамыр «Отан қорғаушылар күні», «Жеңіс күні» сияқты мерекелер факультет деңгейінде жəне де білімгерлер жатақханасында кеңінен тойланады.

Студенттер  университет, облыс деңгейінде ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шараларға белсене ат салысады. Түрлі деңгейдегі жастар ұйымдарының, дебат клубтарының жәнеде КТК (көңілді тапқырлар клубы) сияқты басқада мәдени шараларға қатысып отырады.

Рәміздер күніне орайластырылған флешмоб

аға тәлімгер Д.Сапахов жатақхана  студенттерінің  жағдайымен танысуда

Университеттің жастар бөлімі басшысы Егембердиев Мадияр кафедра оқытушыларымен жатақханада