Кафедраның жетістіктері

 Жыл сайын жоғарғы оқу орындарының арасында өтілетін спартакадиялық жарыстардан нәтиже көрсетіп келеміз, атап айтқанда 2013-2014 оқу жылдарында кіші футболдан ІІІ орын, шахмат ойынынан ІІІ орын, дойбы ойынынан ІІ орынды иелендік. 2014-2015 оқу жылдарында волейболдан ІІІ орын, тоғызқұмалақ ойынынан ІІІ орын шахматтан ІІ орын, қол добынан ІІІ орын, жеңіл атлетикадан ІІІ орын иелендік. 2014-2015 оқу жылдарында волейбол ойынынан Облыстық турнирден ұлдар командасы І орын және ІІ орынды иеленді, қыздар командасы І-ІІ орындарды иеленді. 2015-2016 оқу жылдарында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдыстыруымен өткізілген жоғарғы оқу орындарының арасында «ҚР Тұңғыш Президенті» күніне орай «Елбасы бізге өнеге: спорт жан сұлулығы» атты спорттық жарыста ХГТУ командасы кіші футболдан ІІІ орын, шахмат ойынынан ІІІ орынды иелендік. 2014-2015 оқу жылдарында волейбол ойынынан Облыстық турнирден ұл балдар командасы І орын және ІІ орынды иелендік, қыздар командасы І-ІІ орындарды иелендік. Университетте және басқа да Республикамыздағы ЖОО-дағы өтіп жатқан республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларға оқытушы-профессорлары қатысып, жетістіктерге жетуде. 2014-2015 оқу жылдарында кафедрада 25 оқытушы болса; оның 2-доцент педагогика саласында – ҚАЗ ССР еңбегі сіңген жаттықтырушы-1; ҚР  Еңбек сіңген жаттықтырушысы - 8 және педагогика ғылымдарының кандидаттары-2; ҚР еңбегі сіңірген спорт шебері - 4
Сонымен қатар «Дене шынықтыру және спорт» кафедрамызда 2- студент әлем чемпионы; 2-студент Азия чемпионы 10 – студент ҚР спорттың әртүрінен спорт шебері, 36-студент ҚР спорт шеберлігіне үміткер, кафедрада волейбол, баскетбол секциялары жұмыс жасайды.

Біздің түлектер  спорт саласының түрлі деңгейінде жемісті қызмет атқаруда, сонымен қатар аймақтық және халықаралық жарыстарда еліміздің атын шығаруда. Атап айтқанда:

  • Исабаев Данияр (№11 шығыс жекпе жек түрлері спорт мектебінің басшысы);
  • Есенбаев Ерболат (қазақ күресі чемпионатының жүлдегері); 
  • Жанділдаев Мақсат қазақ күресі чемпионатының жүлдегері;
  • Қалмұрзаева Ақмаржан (фристайлдан әлем чемпионатының жүлдегері, 2017 жыл (29 қаңтар-08 ақпан) Алматы Универсиадасында фристайлдан 6-шы нәтиже);
  • Абдуразакова Айжан  каратэ-додан турнир жүлдегері; 
  • Тастан Диас каратэ-додан  2012жылғы әлем Кубогының жеңімпазы.

 

 

Тарих қойнауынан. . .

Кафедра меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты,доцент, ҚР Құрметті спорт қайраткері күрестен және бокстан спорт шебері Қонақбаев Сейдахмет Нартайұлы жайлы бір үзік сыр. . .

 

       «Оңтүстік Қазақстан» газетінің баспасөз және Жеңіс күні құрметіне қазақ күресінен өткізілген жарысы да Октябрьдің жарты ғасырлық мерекесі аясында ұйымдастырылды. Содан болар, күрес болатын 7-8 мамыр күндері Шымкенттегі «Спартак» стадионына қарай ағылған халықта есеп болмады. «Қысқасы, үлкен стадионның солтүстік батыс бөлігінде ине шаншар орын қалған жоқ. Саялы ағаш астында түрегеп тұрғандар қаншама десеңізші?! Бұдан біз жұртшылықтың қазақша күресті қаншалықты қадірлеп, құрметтейтінін сұрамай-ақ білгендейміз» деп ой түйеді газет тілшілері Н.Сүлейменов пен У.Темірбеков. . .

 

. . . Көрермендер орта салмақтағы балуандар кілемге шыққанда ерекше қызына түскен.Өйткені, бұл топта қазақ күресінің кәнігі шеберлері, облыс біріншілігінде, Қажымұқан атындағы республикалық жарыстарда топ жарып жүрген Тұрысынхан Байболатов, Сейдахмет Қонақбаев, Николай Шляпников тәрізді нартұлға жігіттер бар еді. . .

 

. . .  Дегенмен, бұл жолғы сәттілік Сейдахметке ауысқандай. Пединститут өкілі алғашқы күні Н.Шляпниковты 1 минут 40 секундта, мұғалімдер үйінің балуаны С.Оспановты 3 минут 10 секундта жығып, қошеметке бөленді. Ал, халық шаруашылығы инстиутутының өкілі С.Сәдуақасаов Қонақбаевқа қарсы шықпай қойған. Финалда Сейдахмет Тұрсынханмен кездесіп, ұпай санымен басым түскен. Сөйтіп, бірінші орынға шыққан. . .

 

. . . Абсалюттік чемпионды анықтау өз салмақтарында бірінші орын алған Ырыспанов пен Қонақбаев, Стрельников пен Калашников арасында өткен.Күш жігері басым, әдіс-айласы мол Сейдахмет Қонақбаев бұл жолыда бабында екен. Қорытындысында ең мықты балуан болып танылды. .  .

 

№8 17 қаңтар 2017жыл (Суханберді ОРАЗАЛЫҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

 

 

 

 

1

Жаттықтырушы Юлчибаев К.Н. Волейболшылар командасымен.

3

ХГТУ волейбол командасы дайындық жаттығуында.

Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Абдразақова Айжан  Алматы қаласында өткен  Қысқы Универсиада-2017 алауын алып жүру құрметіне ие болды