Қызметтер

Кітапхананың қызмет көрсетуі

Кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық-ақпараттық қызмет тегін көрсетіледі.

Кітапхананың міндеттері:

  • кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
  • сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
  • республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.

Оқырмандарға қызмет көрсету:

 

Оқу залдарында «Кітапхана қүнделіктері» оқырмандардың келуі мен әдебиеттер берілуінің есебі жүргізілген.

 

2017-2018 жылы кітапхана қорын біріңғай оқырман билеті бойынша 2350 оқырман қолданады, соның ішінде 2100 – студенттер, 150 – мұғалімдер, 100 – басқа оқырмандар. Оқырман келімінің саны – 115000, берілген кітаптар саны – 310000 дананы құрайды.