Оқырмандарға

Кітапханаға қалай тіркелуге болады

 

Кітапхана оқырманы болу үшін тіркеуден өтіп, оқырман билетін алуыңыз қажет.
Оқырман билетін алу үшін талап етілетін құжаттар:

  1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат
  2. Фотосурет (фотосуретті тіркеу кафедрасында жасауға болады);
  3. Оқырман билеті 5 жыл мерзімге тегін беріледі. Әр жылдың басында қайта тіркеу жүргізіледі

Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітапхананың жалпыға бірдей қызмет етуін кітапхана бөлімдері жүзеге асырады.
Кітапхананы пайдалану ақысы тегін. Тек қызмет көрсетудің кейбір түрлері ақылы болуы мүмкін, ақылы қызмет көрсетудің түрлері мен мөлшері тәртіп бойынша белгіленген.

 

 

Абонементті пайдалану қағидалары.

 

  • Кітапханада бес кітаптан үш күннен бес күн аралығында үйге беріледі.
  • Құнды оқулықтар, анықтамалар,немесе соңғы данасы қалған оқулықтар үйге берілмейді
  • Оқырмандар кітап аларда студенттік құжаттарын көрсетуі керек.
  • Кітапханадан алынған басылымдар белгіленген мерзімде қайтарылуы қажет.
  • Өткізілмеген кітабы бар оқырмандар, қарызын қайтармастан кітап ала алмайды.
  • Оқу залдарында оқырмандар тек сынақ кітапшасымен кітап ала алады.
  • Оқу залдарында тыныштық пен тәртіп бұзуға тиым салынады.
  • Оқырмандар жоғалтқан немесе бүлдірген басылымды, сондай басылыммен, оның көшірмесімен немесе кітапхана құны бірдей деп таныған басылыммен алмастыра алады. Мүмкіндік болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құны өндіріліп алынады.
  • Оқырман сынақ кітапшасын басқа адамға беруге немесе бөтен құжатпен әдебиет алуға рұқсат етілмейді.

 

Оқу залын пайдалану қағидалары

  • Оқу залында кітап беру оқырман билеті бойынша жүргізіледі.
  • Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады.
  • Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет – журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесіділерімен кіруге болмайды.
  • Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағмданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

 

Оқырманның құқықтары мен міндеттері

 

Оқырмандардың мынаған құқығы бар:

  • кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
  • ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;
  • кітапханада электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады.

Оқырмандар мынаған міндетті:

 

  • әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
  • кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;
  • кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:

 

  • кітапханаға сыпт киіммен кіру;
  • оқу залына сөмкемен кіру;
  • кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзу;
  • кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу;
  • кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу) ;
  • картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу;
  • қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру.

Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

Кітапхананың мынаған құқығы бар:

  • Берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуы үнемі бақылауға;
  • Оқырмандардан жоғалтқан немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалтқан немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда, оқырманнан сол басылымның шынайы нарықтық құнынан мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына жібереді.

 

Функциялары

  • Кітапхана пайдаланушыларға абонементтерде, оқу залдарында, басқа да кітап беру орындарында қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
  • Оқырмандарды тегін кітапхана қызметтерімен қамтамасыз етеді.
  • Ғылыми және оқу қызметіне көмек ретінде электронды каталог, библиографиялық картотекалар, тізімдер әзірлеп, анықтама және ақпарат жұмысын орындайды.
  • Кафедралармен бірігіп көрмелер, конференциялар мен көпшілік жұмыстың басқа да нысандары көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа туындыларын насихаттаумен шұғылданады.
  • Уақтылы есептен шығарып, қорды тозығы жеткен әдебиеттерден тазартып отырады.
  • Кітаппен қамтамасыз ету картотекасын жүргізеді.
  • Кафедралардың профилі бойынша және пайдаланушылар қажеттіктеріне сәйкес қорды жинақтауды жүзеге асырады, мерзімді басылымдарға жазылу жұмысын жүргізеді .
  • Кәсіби құзіреттілігін тереңдету мақсатында кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін ұйымдастырады.
  • Басылымдардың негізгі, қосалқы қорларын ұйымдастырады және оларды есепке алынуын, орналастыруын, сақтау режимін қамтамасыз етеді

 

Міндеттері

Кітапхана міндетті:

  • Университет профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге, магистр мен аспиранттарға, қызметкерлерге қажеттілігіне сәйкес ақпараттық қызмет көрсетуге;
  • Кітапхана қорында жинақталған ғылыми және мәдени мұраларды насихаттау және оны сақтауға;
  • Пайдаланушылардың білімін және кәсіби қажеттіліктерін керекті әдебиетпен қамтамасыз етуге;
  • Білім алушылардың ақпарат мәдениетін тәрбиелеу, қазіргі заманғы технологиялар негізінде кітапхана жұмыс істеу дағдысын;

 

Құқығы

Кітапхана құқылы:

 

  • Қазақстан Республикасының “Кітапхана туралы” заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы туралы ережесіне сүйене отырып, кітапхана мыналарды дербес белгілеуіне:
  • осы ережеде көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің нақтылы орындалуына;
  • құжаттар қорын жинақтау көздерін табуға;
  • кітапхананы пайдалану қағидаларын жүзеге асыруға;
  • пайдаланушы жоғалтқан немесе бүлдірген басылымды, сондай басылыммен немесе кітапхана құны бірдей деп танылған басылыммен алмастыра алады, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өндіріп алуға құқылы.

 

Жауапкершілігі

Кітапхана жауапты:

  • қордың сақталуына және кітапхананың күзет және өрт дабылдамасымен, темір есіктермен және терезе торларымен жарақталған үй-жаймен қамтамасыз етілген жағдайда өзіне бекітіліп берілген мүлікке, өрт қауіпсіздігі мен басқа да қорғауға жауап береді;
  • кітапхана құжаттарының уақтылы есепке алынып, есептен шығаруға;
  • кітапхана пайдаланушыларға үздіксіз қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін;