Жалпы кітапхана құрылымы

Университет оқырмандарына кітапханада 2 - абонемент, 3-оқу залы, 1-электронды оқу залы, анықтама-библиография бөлімі, көркем әдебиет бөлімі,  кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері қызмет көрсетеді.

Кітапхана құрылымы бойынша университет кітапханасында:

  • кітапхана абономенті;
  • жинақтау және өңдеу бөлімі;
  • анықтама библиографиялық және ақпарат жұмысы бөлімдері бар.

Университетің кітапхана қызметкерлері “КАБИС” автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе бойынша жұмыс жасайды.
“КАБИС” автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі келесі модульдерді қамтамасыз етеді:

  • - Администрирование;
  • Жинақтау;
  • Каталогтау;
  • Мерзімдік басылымдардың электронды каталогтарын жасау;
  • Мақалалар картотекасы;
  • Электрондық кітапхана қорын құру;
  • UNIMARC, ББК, УДК класификаторларын пайдалану.

Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметі толығымен автоматтандырылған.
Кітапханада дәстүрлі кітаптармен қатар электрондық ресурстармен де толықтырылған 16257 бірліктегі барлық білім саласын қамтыған электронды құжаттар бар. Қордағы электронды ресурстар мен толық мәтінді дерек қорын пайдалану үшін Интернетке қосылған оқу залдары пайдаланушыларға тегін қызмет көрсетеді.
Кітапхана қорын 1998-2013жж аралығында баспадан шыққан оқулықтар құрайды.

Кітапхананың каталогтар жүйесі

Кітапханада жүйелік каталог, мақалалар каталогтары, алфавиттік каталогтар жүйесі бар. Электронды библиографиялық анықтамалық каталогы жасалып жатыр.