Абонемент

Абонемент бөлімінің оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, профессорлар, студенттер, оқушылар т.б. Жылма-жыл абонемент бөлімінде 3000-ға жуық оқырманға қызмет көрсетіліп, оларға 107,0 мың дана кітап беріледі. Бұл бөлімде саяси-әлеуметтік әдебиеттер, жаратылыстану, экономика, құқық, музыкалық білім, дизайн, қазақ тілі және шет тілдері, спорт, көркем әдебиеттер бар. Оқырмандар кітапхананың абонемент бөлімінен үйге кітап алып оқи алады. Оқырмандар үшін кітапхана кітап алатын орын ғана емес, өздерін мұнда жеке тұлға ретінде танылып, білімі және өмірлік тәжірибелерімен де бөлісіп жатады. Бөлімде оқырмандардың сұраныс талабын қанағаттандырылу ұйымдастырылған.

Бөлім атаулы күндер, мерейтойлар және мерекелік күндерді назардан тыс қалдырмай, осы күндерге арнап кітап көрмелерін, әдеби кештер, конференциялар, т.б. мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Осындай шаралардың нәтижесінде жылдан-жылға оқырмандарға қызмет көрсету деңгейі жақсарып келеді.