Құрметті профессор-оқытушылар қауымы, ұстаздар, магистранттар және ізденушілер!

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«ҚАЗАҚСТАН - XXI ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Ел: Қазақстан Республикасы

Қала: Шымкент

Өтілетін күні:  16-17 қараша 2016ж.

Ұйымдастырушы: Халықаралық гуманитарлық – техникалық  университеті

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1  Тарих және география

2  Педагогика және психология

3  Информатика, физика және математика

4  Филология

5  Өнер және спорт

6  Химия және биология

7  Экология

8  Экономика

9. Құқықтану

10. Стандарттау және сертификаттау

 

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама материалдарында автордың жүргізген жұмыстары туралы сипаты, мазмұны және нәтижесі анық болуы тиіс. Автор немесе қосалқы автор екі мақаладан артық бола алмайды.

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қосылған А4 форматында 5 бет) «Microsoft Word» редакторы мәтінінде терілген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі-12, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы -3 см, қалған жақтары – 2,0 см, азат жол бойынша шегініс -1 см) қолданылады. Кестелердің, сызбалар мен суреттердің атауы көрсетіліп, нөмірленуі қажет.

Конференцияға қатысу үшін өтініш (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтіні баспа түрінде және электрондық нұсқалары (1 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (1500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2 қараша 2016 жылға дейін қабылданады: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 80 үй, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, 203 ғылым бөлімі. Конференцияға жауапты: Еркебаева Сапаркүл Өміртайқызы. E-mail: nauka_mgtu@inbox.ru, 8-771-325-44-85

Қатысу шарты:

Конференцияға студенттер, магистранттар, және мектеп оқушылары қатыса алады.

Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды сұрыптау мәселесін өзі шешуге құқылы.

Бару-келу, тұру және тамақтану шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен төленеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толтыру үлгісі:

 

ӘОЖ (10)

 

Нейропсихологиялық бағдарламалаудың құндылығы (11пт)

(1-шегініс)

Тыстыбай Ботакөз (11)

nngmath@mail.ru (10)

Халықаралық гуманитарлық – техникалық  университетінің студенті, Шымкент қ., Қазақстан (10)

 

Ғылыми жетекшісі – Жунисова Н.Н.(10)

(1-шегініс)

Мақала мәтіні (12)

(1-шегініс)

Қолданылған әдебиеттер (11)

 

1.

2.

    

  Өтініш үлгісі:

Өтініш

1.

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (оқушы, студент, магистрант, докторант(мамандық шифр), жас ғалым, оқытушы)

 

3.

Оқу орны, ұйым

 

4.

Баяндаманың тақырыбы

 

5.

Секцияның атауы

 

6.

Мекен жайы, телефон (халықаралық байланыс кодымен ), е- mail

 

7.

Қатысу формасы: тікелей немесе сырттай,

 Пленарлық мәжілісте ауызша баяндама жасау

 Секция мәжілісінде ауызша баяндама жасау

 Тек жарияланым

 

 

Конференцияның өтетін орны: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 80 үй, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 80 үй, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, ғылым бөлімі, 203 кабинет, бас ғимарат.

Телефон: +7(7252) 37-12-87 

E-mail: nauka_mgtu@inbox.ru, 8-771-325-44-85

Факс: +7(7252) 37-12-86

Қаржы реквизиттері: 

РНН: 582200014805                                                                              

ИИК: KZ389260801114254000

АО: Казкоммерцбанк

«Халықаралық гуманитарлық техникалық университет» ЖШС

БИК:  KZKOKZKX

БИН:  980440003151

КБе:    17